Все сервисы
Zanger
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және бағалы қағаздар нарығы қатысушыларының есептілікті ұсыну мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2023 жылғы 29 маусымдағы № 42 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 110 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры есептілігінің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және оларды табыс ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 28 тамыздағы № 167 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15863 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 65-2) тармақшасына, «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мыналар:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры есептілігінің тізбесі;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес зейнетақы активтерінің құны туралы есептің нысаны;
3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелінің құрылымы туралы есептің нысаны;
4) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес сыртқы басқарудағы зейнетақы активтері туралы есептің нысаны;
5) осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарының көлемі және жеке зейнетақы шоттарының саны туралы есептің нысаны;
Документ утратил силу
Демо – версия документа