Все сервисы
Zanger
ҚР Әділет министрінің м.а. 2026.27.02. № 206 бұйрығымен 1-қосымша жаңа редакцияда (2026 ж. 14 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2020 жылғы 29 мамырдағы
№ 69 бұйрығына
1-қосымша
«Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің
Қағидалары
(2026.15.06. берілген өзгерістермен)
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР Әділет министрінің 2026.30.05. № 509 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 15 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Осы «Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және «Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік қызметті көрсету (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.
2. Мемлекеттік қызметті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық әділет органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу (бұдан әрі - аттестаттау) жолымен көрсетеді.
3. «Бір өтініш» қағидаты - бір өтініш негізінде көрсетілетін бірнеше мемлекеттік қызметтердің жиынтығын көздейтін мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарға көрсетіледі.

Добавить в список основных источников в Google