Все сервисы
Zanger
ҚР Бас Прокурорының 2026.12.06. № 90 бұйрығымен 3-қосымша жаңа редакцияда (2026 ж. 30 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Бас Прокуроры
2023 жылғы 17 қаңтардағы
№ 32 бұйрыққа 3-қосымша
Сотта мемлекет мүдделерін білдіруді, азаматтық, әкімшілік, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша заңды күшіне енген сот актілерінің және атқарушылық іс жүргізудің заңдылығын қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі
НҰСҚАУЛЫҚ
(2026.30.06. берілген өзгерістермен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Сотта мемлекет мүдделерін білдіруді, азаматтық, әкімшілік, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша заңды күшіне енген сот актілерінің және атқарушылық іс жүргізудің заңдылығын қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (бұдан әрі - Конституциялық заң) сәйкес әзірленді.
2. Азаматтық, әкімшілік, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша заңды күшіне енген сот актілерінің және атқарушылық іс жүргізудің заңдылығына жоғары қадағалауды мемлекет атынан Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры (бұдан әрі - Бас Прокурор) тікелей, сондай-ақ өзіне бағынысты прокурорлар арқылы жүзеге асырады.
1) азаматтардың, мемлекеттің және заңды тұлғалардың конституциялық және заңмен қорғалатын өзге де құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету;
2) сот төрелігін іске асыру қағидаттарын мүлтіксіз сақтау;
3) заңдылықты бұзушылықты, оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды, сондай-ақ олардың салдарларын анықтау және жою;
4) заңдылықты және құқықтық тәртіпті нығайту, құқық бұзушылықтың алдын алу болып табылады.

Добавить в список основных источников в Google