Все сервисы
Zanger
«Ұлттық жобалардың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 11 тамыздағы № 79 және Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2021 жылғы 12 тамыздағы № 1 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 31 қаңтардағы № 14 және Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2023 жылғы 31 қаңтардағы № 2 бірлескен бұйрығы
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2026 жылғы 1 маусымдағы № 61 және ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2026 жылғы 1 маусымдағы № 7 бірлескен бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫЗ:
1. «Ұлттық жобалардың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 11 тамыздағы № 79 және Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2021 жылғы 12 тамыздағы № 1 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23968 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Ұлттық жобаларды әзірлеу жөніндегі әдістемеде:
22-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы (бұдан әрі - Жоғары аудиторлық палата) жүргізетін өткен кезеңдердегі МЖЖ құжаттарының іске асырылу тиімділігі аудитінің нәтижесі;»;
48-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

Добавить в список основных источников в Google