Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасы мен Перу Республикасы арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шарт (Астана қ., 2024 жыл 23 қазан) (қолданысқа енген жоқ)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датасреда, 3 июня 2020
Статус
Не введен в действиевводится в действие с

Қазақстан Республикасы мен Перу Республикасы

арасындағы сотталған адамдарды беру туралы

ШАРТ

(Астана қ., 2024 жыл 23 қазан)

 

ҚР 2026 жылғы 21 сәуірдегі № 281-VIII Заңымен ратификацияланды

 

Бұдан әрі «Тараптар» деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Перу Республикасы

сотталған адамдардың әлеуметтік қайта интеграциялануына жәрдемдесу мақсатында оларды беру саласында тиімді ынтымақтастыққа ықпал етуге ниет білдіре отырып,

бұл мақсатқа сотталған адамдар үшін жазасын өздерінің қоғамдық ортасында өтеу мүмкіндігін белгілейтін екіжақты Шартты жасасу арқылы қол жеткізу мүмкін болатынын пайымдай отырып,

мыналар туралы уағдаласты:

 

 

1-бап
Жалпы ережелер

 

1. Тараптар осы Шартта баяндалған шарттарда сотталған адамдарды беру саласында барынша ынтымақтастықты жүзеге асыруға міндеттенеді.

2. Бір Тараптың аумағында сотталған адам осы Шарттың ережелеріне сәйкес белгіленген жазасын өтеу үшін екінші Тараптың аумағына берілуі мүмкін. Бұл мақсатта сотталған адам осы Шартқа сәйкес Беруші Тарапқа да, сол сияқты Қабылдаушы Тарапқа да беру туралы ниетін білдіре алады.

 

 

2-бап
Анықтамалар

 

Осы Шарттың мақсатында:

а) «сотталған адам» оған қатысты түпкілікті үкім шығарылған адамды білдіреді;

b) «үкім» қылмыстық әрекет және қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейтін түпкілікті сот шешімін білдіреді;

c) «Беруші Тарап» үкім шығарылған және аумағынан сотталған адам берілуі мүмкін немесе берілген Тарапты білдіреді;

d) «Қабылдаушы Тарап» аумағына бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны орындау үшін сотталған адам берілуі мүмкін немесе берілген Тарапты білдіреді;

e) «Ерекше қараудағы кәмелетке толмағандар» түпкілікті сот шешімі бойынша бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеп жатқан немесе күзетпен ұсталатын 18 жасқа дейінгі адамдарды білдіреді;

f) «сот қаулысы» сот талқылауы тоқтатылатын немесе жаза тағайындалатын түпкілікті сот шешімін білдіреді.

 

 

3-бап
Орталық органдар

 

1. Осы Шарттың мақсаттары үшін Тараптар айқындаған орталық органдар бір-бірімен тікелей немесе дипломатиялық арналар арқылы өзара іс-қимыл жасайды.

2. Орталық органдар мыналар болып табылады:

Қазақстан Республикасы үшін - Бас прокуратура;

Документ не введен в действие

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь

Уважаемый пользователь! Мы стремимся постоянно улучшать качество наших услуг. Пожалуйста, поделитесь своими предложениями — Ваше участие поможет нам стать ещё удобнее и эффективнее для Вас!