Все сервисы
Zanger
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2026 жылғы 18 ақпандағы
№ 1178 Жарлығымен
МАҚҰЛДАНҒАН
Жоба
Қазақстан Республикасы мен Қытай Халык Республикасының Гонконг
арнаулы әкімшілік ауданы арасындағы жасырынып жүрген қылмыскерлерді ұстап беру туралы
КЕЛІСІМ
Бұдан әрі «Тараптар» деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының Орталық халық үкіметі осы Келісімді жасасуға тиісті түрде уәкілеттік берген Қытай Халық Республикасының Гонконг арнаулы әкімшілік ауданы (бұдан әрі - Гонконг арнаулы әкімшілік ауданы)
жасырынып жүрген қылмыскерлерді өзара ұстап беру үшін негіз жасауға ниет білдіре отырып,
төмендегілер туралы келісті:
Тараптар осы Келісімнің және өз заңнамасының ережелерін сақтай отырып, бір Тараптың юрисдикциясы шегінде жасалған және екінші Тараптың юрисдикциясы шегінде белгіленген осы Келісімнің 2-бабында көзделген қылмыс үшін қылмыстық қудалауға ұшырайтын немесе сотталған кез келген адамды біріне-бірі ұстап беруге міндеттенеді.
2-бап
Ұстап беру колданылатын қылмыстар
а) екі Тараптың заңнамасы бойынша бір (1) жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айырумен немесе түрмеге қамаудың басқа түрімен немесе неғүрлым қатаң жазамен жазаланатын, және
b) Сұрау салынатын Тараптың заңнамасымен ұстап беруге жол берілетін қылмыс үшін қанағаттандырылуға тиіс.
2. Әрбір Tapaп өз заңнамасына сәйкес ұстап беру қанағаттандырылуы мүмкін болатын қылмыстардың тізімін екінші Тарапқа береді.
Әрбір Тарап осындай тізімді осы Келісімнің 22-бабының 1-тармағына сәйкес осы Келісімнің күшіне енуі үшін рәсімдердің орындалғаны туралы екінші Тарапты хабардар ететін күннен кешіктірмей беруге тиіс.
Әрбір Тарап осындай тізімдегі кейінгі кез келген өзгерістер туралы екінші Тарапқа дереу хабар береді.
3. Осы баптың мақсаттары үшін іс-әрекет екі Тараптың заңнамасы бойынша қылмыс болып табылатынын не болып табылмайтынын айқындау кезінде:
a) қылмысты құрайтын іс-әрекет Тараптардың заңнамасы бойынша қылмыстардың нақ сол бір санатына жататыны не жатпайтыны немесе қылмыс нақ сол немесе басқа терминологиямен берілетіні маңызды емес; және
Демо – версия документа