Все сервисы
Zanger
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу, энергетика және атом саласын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кəсіпкерлік кодексіне:
1) 82-баптың 3-тармағының екінші бөлігі 12) тармақшасындағы «реттеуге қолданылмайды.» деген сөздер «реттеуге;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:
«13) атом энергиясын пайдалану саласындағы, оның ішінде ядролық, радиациялық жəне ядролық физикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты мəселелерді реттеуге қолданылмайды.»;
2) 129-бапта:
2-тармақ «8-1,» деген цифрлардан кейін «8-2,» деген цифрлармен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 8-2-тармақпен толықтырылсын:
«8-2. Осы Кодекстің 131-бабының 1, 2 жəне 3-тармақтарын, 131-1, 153 жəне 157-баптарын қоспағанда, осы тараудың күші атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға қолданылмайды.»;
17-тармақтың бірінші бөлігі жəне 19-тармақтың бірінші бөлігі «8-1,» деген цифрлардан кейін «8-2,» деген цифрлармен толықтырылсын;
3) 138-бапта:
6) тармақша алып тасталсын;
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9) атом энергиясын пайдалану саласында;»;
4) 193-баптың 14-тармағындағы «Семей ядролық қауіпсіздік аймағының жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі уəкілетті ұйымның» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. 2021 жылғы 2 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экология кодексіне:
1) 369-бап алып тасталсын;
2) 370-бапта:
2-тармақ «пайдалану туралы» деген сөздерден кейін «, радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақ «энергиясын пайдалану» деген сөздерден кейін «, радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 371, 372, 373, 374 жəне 375-баптар алып тасталсын.
3. 2025 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне:
1-баптың 3-тармағы «органды қаржыландыру» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар шеңберінде іске асырылатын атом энергиясын пайдалану саласындағы жобаларды қаржыландыру» деген сөздермен толықтырылсын.
4. «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бапта:
2-3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2-3) бірыңғай сатып алушы - осы Заңда көзделген тəртіппен электр қуатының əзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті, электр желілері қуатының қол-жетімділігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті орталықтандырылған сатып алуды жəне электр қуатының жүктеме көтеруге əзірлігін қамтамасыз ету бойынша орталықтандырылған қызмет көрсетуді жүзеге асыратын, уəкілетті орган айқындайтын заңды тұлға;»;
мынадай мазмұндағы 18-3), 29-2), 29-3), 29-4) жəне 29-5) тармақшалармен толықтырылсын:
«18-3) оқшау əкімшілік-аумақтық бірлік - Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикалық жүйесіне техникалық тұрғыдан байланыстырылмаған (қосылмаған), энергиямен жабдықталуын осы аумақтағы энергия өндіруші ұйымдар жүзеге асыратын жəне (немесе) шектес мемлекеттердің энергия жүйелерімен жасалған электр энергиясын сатып алу-сату шарттары шеңберінде жүзеге асырылатын əкімшілік-аумақтық бірлік;»;
«29-2) электр желілері қуатының қолжетімділігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет - өңірлік электр желілік компания, жүйелік оператор, сондай-ақ электр желілерін салуға арналған аукциондық сауда-саттық жеңімпазы бірыңғай сатып алушыға электр желілері қуатының электр энергиясын қабылдауға жəне беруге қолжетімділігін ұстап тұру бойынша көрсететін қызмет;
29-3) электр желілері қуатының қолжетімділігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тариф - электр желілерін салуға арналған инвестициялық келісімде көзделген, тиісті қарыздар бойынша күрделі шығындар мен сыйақылар сомасын қайтаруды, инвестицияланған капиталға рентабельділік нормасын қамтитын, мемлекеттік статистика саласындағы уəкілетті органның деректері бойынша айқындалатын инфляция деңгейіне жыл сайын индекстелуге жататын тариф;
29-4) электр желілерін салуға арналған аукциондық сауда-саттық - кернеуі 220 кВ жəне одан жоғары электр желілерін салу жөніндегі жобаларды іске асыру үшін жеңімпазды іріктеуге бағытталған, электр желілерін салуға арналған аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы электрондық жүйеде ұйымдастыратын жəне өткізетін, оның шеңберінде көрсетілетін қызметке жеке тариф, электр желілері қуатының қолжетімділігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу көлемі мен мерзімі айқындалатын процесс;
29-5) электр желілерін салуға арналған аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы - акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке жəне онымен үлестес тұлғаларға тиесілі, уəкілетті орган айқындайтын заңды тұлға;»;
31) жəне 31-6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«31) электр қуатын реттеу бойынша көрсетілетін қызмет - электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің нақты электр жүктемесінің мəлімделген электр жүктемесінен ауытқуларына өтем жасау бойынша жүйелік операторға көрсетілетін қызмет;»;
«31-6) электр қуатының нарығы - энергия өндіруші ұйымдардың генерациялайтын жабдықты электр энергиясын өндіруге əзірлік жағдайында ұстап тұруына жəне энергия беруші ұйымдардың электр желілерін электр энергиясын қабылдауға жəне беруге қолжетімді жай-күйде ұстап тұруына байланысты электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілері арасындағы өзара қатынастар жүйесі;»;
45) тармақша алып тасталсын;
2) 4-баптың 1-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1) бірыңғай сатып алушының тек қана электр қуатының жүктемені көтеруге əзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсету кезінде шеккен шығыстарына өтем жасау үшін оның осындай көрсетілетін қызметтен түскен кірістерінің жеткіліксіздігі салдарынан, электр қуатының əзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарт шеңберінде энергия өндіруші ұйымдар алдындағы, электр желілері қуатының қолжетімділігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттар шеңберінде энергия беруші ұйымдар алдындағы өзінің міндеттемелерін орындауы мүмкін болмаған жағдайда, оған мемлекеттік қаржылық қолдауды жүзеге асырады;»;
3) 5-бап мынадай мазмұндағы 70-57) тармақшамен толықтырылсын:
«70-57) өңірлік электр желілік компаниялармен, жүйелік оператормен, сондай-ақ электр желілерін салуға арналған аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарымен электр желілерін салуға инвестициялық келісімдер жасасады;»;
4) 10-баптың 1-тармағында:
мынадай мазмұндағы 2-2) тармақшамен толықтырылсын:
«2-2) электр желілері қуатының қолжетімділігін ұстап тұру бойынша қызмет көрсетеді;»;
22-2) жəне 22-3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«22-2) уəкілетті орган айқындаған тəртіппен Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикалық жүйесіндегі электр энергиясының тапшылығы мен профицитін растайды;
22-3) уəкілетті орган айқындаған тəртіппен цифрлық майнерлердің қызметі үшін қолжетімді электр энергиясының квотасын айқындайды;»;
5) 10-3-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) жəне 3-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«1-1) электр желілері қуатының қолжетімділігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттар жасасады;»;
«3-1) электр желілері қуатының қолжетімділігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шартқа сəйкес электр желілері қуатының қолжетімділігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алады;»;
6) 13-бапта:
3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші жəне төртінші бөліктермен толықтырылсын:
«Энергиямен жабдықтаушы ұйымдар оқшау əкімшілік-аумақтық бірліктің аумағындағы тұтынушыларды энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын энергия өндіруші ұйымдардан, оның ішінде осы оқшау əкімшілік-аумақтық бірліктің аумағындағы, жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын ұйымдардан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында электр энергиясын тікелей шетелдік өндірушінің атынан өткізетін электр энергиясын берушілерден сатып алады.»;
«Оқшау əкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында энергиямен жабдықтауды жүзеге асыратын энергиямен жабдықтаушы ұйымдар шектес мемлекеттің уəкілетті ұйымының электр энергиясын жеткізу (экспорттау) мəселелерін реттеуді дербес жүзеге асырады.»;
3-1-тармақта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«3-1. Оқшау əкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында орналасқандарын қоспағанда, энергия өндіруші ұйымдар желіге жіберілетін электр энергиясының бүкіл көлемін осы Заңға сəйкес, электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға жəне (немесе) өздерімен бір тұлғалар тобына кіретін тұтынушыларға не өздерімен бір гибридті топқа кіретін гибридті топ əкімшісіне сатуды жүзеге асыруға міндетті.»;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Оқшау əкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында орналасқан, оның ішінде жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар аумағында оқшау əкімшілік-аумақтық бірлік орналасқан əкімшілік-аумақтық бірлік (облыс) шегінде қызметін жүзеге асыратын энергиямен жабдықтаушы ұйымның электр энергиясын өткізуге (сатуға) құқылы.»;
үшінші бөліктегі «осы тармақтың бірінші жəне екінші абзацтарына» деген сөздер «осы тармақтың бірінші жəне үшінші бөліктеріне» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Оқшау əкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында орналасқан, оның ішінде жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар аумағында оқшау əкімшілік-аумақтық бірлік орналасқан əкімшілік-аумақтық бірлік (облыс) шегінде қызметін жүзеге асыратын энергиямен жабдықтаушы ұйымның электр энергиясын өткізуге (сатуға) құқылы.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Оқшау əкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында қызметін жүзеге асыру бөлігінде электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілерін қоспағанда, электр энергиясының көтерме саудасы нарығының субъектілері, оның ішінде меншік нысанына қарамастан барлық энергиямен жабдықтаушы ұйымдар электр энергиясының теңгерімдеушi нарығына қатысуға міндетті.»;
6-1-тармақ алып тасталсын;
11-тармақ 2) тармақшасындағы «қамтамасыз ету жағдайларына қолданылмайды.» деген сөздер «қамтамасыз ету;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) жəне 4) тармақшалармен толықтырылсын:
«3) оқшау əкімшілік-аумақтық бірліктің аумағындағы энергия өндіруші ұйымдардың шектес мемлекеттердің энергия жүйелерімен жасалған электр энергиясын сатып алу-сату шарттары шеңберінде электр энергиясын сатуы;
4) оқшау əкімшілік-аумақтық бірліктің аумағындағы тұтынушыларға электр энергиясын беру мақсатында электр энергиясын Қазақстан Республикасынан тыс жерлерден сатып алу жағдайларына қолданылмайды.»;
7) 15-бапта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеуі уəкілетті орган белгілеген тəртіппен жүзеге асырылады.»;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Электр энергиясы мен қуатының көтерме сауда нарығының жұмыс істеуі, оның ішінде электр энергиясының жоспарлы көлемін сатып алу-сату шарттары мен тəртібі, сағаттық теңгерімсіздіктерді реттеу, электр қуаты нарығында қызметтер көрсету бөлігінде осы Заңның ережелері оқшау əкімшілік-аумақтық бірлік аумағындағы нарық субъектілерінің өзара қатынастарына қолданылмайды.»;
8) 15-3-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Электр қуатының нарығы электр қуатына деген сұранысты жабу үшін Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикалық жүйесіндегі бұрыннан бар электр қуаттарын ұстап тұру, жаңаларын іске қосу жəне жаңа электр желілерін салу үшін инвестициялар тарту мақсатында жұмыс істейді.»;
3-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3-2. Бірыңғай сатып алушы осы баптың 3-1-тармағына сəйкес жасалатын шарттар бойынша электр қуатының əзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жəне осы баптың 3-7-тармағына сəйкес жасалатын шарттар бойынша электр желілері қуатының қолжетімділігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке ай сайын, бірақ осы көрсетілетін қызметті беру айы аяқталғаннан кейін қырық бес жұмыс күнінен кешіктірмей ақы төлейді.»;
мынадай мазмұндағы 3-7 жəне 4-2-тармақтармен толықтырылсын:
«3-7. Бірыңғай сатып алушы электр желілері қуатының қолжетімділігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттарды:
өңірлік электр желілік компаниялармен;
жүйелік оператормен;
электр желілерін салуға арналған аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарымен жасасады.
Электр желілері қуатының қолжетімділігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тариф, электр желілері қуатының қолжетімділігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу көлемі мен мерзімдері электр желілерін салуға арналған инвестициялық келісімде, оның ішінде электр желілерін салуға арналған аукциондық сауда-саттық нəтижелері бойынша белгіленеді.»;
«4-2. Өңірлік электр желілік компаниялар, жүйелік оператор, сондай-ақ электр желілерін салуға арналған аукциондық сауда-саттық жеңімпаздары бірыңғай сатып алушыға электр желілері қуатының қолжетімділігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті электр желілерін салу мен пайдаланудың техникалық параметрлерінен аспайтын көлемде өткізуді олар кешенді сынақтан өткізілгеннен кейін ғана жүзеге асырады.
Электр желілерін кешенді сынақтан өткізу сəтсіз болған жағдайда, бірыңғай сатып алушымен жасалған электр желілері қуатының қолжетімділігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шартта көрсетілген, электр желілері қуатының қолжетімділігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемі уəкілетті орган айқындаған тəртіппен кешенді сынақтан сəтті өткенге дейін төмендетіледі.»;
8-тармақта:
үшінші бөлік мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) бірыңғай сатып алушымен жасалған барлық шарттар бойынша электр желілері қуатының қолжетімділігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жұмсалатын шығындарының;»;
төртінші бөліктің төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«есептік корпоративтік табыс салығы шегеріле отырып, бірыңғай сатып алушының электр қуатының жүктемені көтеруге əзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызмет бағасын есептеу жəне оны интернет-ресурста орналастыру қағидаларына сəйкес есептелген, электр қуатының əзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті, электр желілері қуатының қолжетімділігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті бірыңғай сатып алушының сатып алуы жөніндегі қызметінің жəне электр қуатының əзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетудің жалпы нəтижесі негізге алынып қалыптастырылады.»;
9 жəне 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Электр қуатының əзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарт, электр желілері қуатының қолжетімділігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарт жəне электр қуатының жүктемені көтеруге əзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетуге арналған шарт уəкілетті орган əзірлейтін жəне бекітетін үлгілік шарттар негізінде жасалады.
10. Бірыңғай сатып алушының электр қуатының əзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті, электр желілері қуатының қолжетімділігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алуына байланысты құқықтық қатынастарға Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы қолданылмайды.»;
9) мынадай мазмұндағы 15-14-баппен толықтырылсын:
«15-14-бап. Электр қуаты нарығының тетігі шеңберінде электр желілерін салу
1. Электр қуаты нарығының тетігі шеңберінде электр желілерін салу:
1) өңірлік деңгейдегі электр желілерін күшейту жəне дамыту мақсатында өңірлік электр желілік компанияның бастамасы бойынша;
2) ұлттық электр желісін күшейту жəне дамыту мақсатында жүйелік оператордың бастамасы бойынша;
3) өңірлік деңгейдегі электр желілерін жəне (немесе) ұлттық электр желісін күшейту жəне дамыту мақсатында инвестордың бастамасы бойынша іске асырылуы мүмкін.
2. Осы баптың 1-тармағының 1) жəне 2) тармақшаларына сəйкес электр желілерін салу кезінде:
1) өңірлік электр желілік компания, жүйелік оператор электр желілерін салу жөніндегі инвестициялық бағдарламаларды нарық кеңесіне қорытындыға жібереді;
2) электр желілерін салу жөніндегі инвестициялық бағдарламамен бірге нарық кеңесіне мыналар да енгізіледі:
электр желілерін салу жөніндегі тиісті іс-шара туралы ақпарат;
электр желілерін салу жөніндегі іс-шараның техникалық-экономикалық негіздемесі;
электр желілерін салу жөніндегі іс-шараның техникалық-экономикалық негіздемесіне ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысы;
3) электр желілерін салу жөніндегі инвестициялық бағдарламалар нарық кеңесінде қаралып жатқан кезеңде өзгертуге жатпайды;
4) электр желілерін салу жөніндегі инвестициялық бағдарламаларды нарық кеңесі уəкілетті орган айқындаған тəртіппен осы тармаққа сəйкес қарайды;
5) нарық кеңесінің қорытындысын алғаннан кейін уəкілетті орган электр желілерін салуға арналған инвестициялық келісім жасасу немесе оны жасасудан бас тарту туралы шешім қабылдайды;
6) электр желілерін салуға арналған инвестициялық келісімде мынадай ақпарат қамтылуға тиіс:
электр желілері қуатының қолжетімділігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемі;
электр желілері қуатының қолжетімділігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу мерзімін (айлармен) жəне электр желілері қуатының қолжетімділігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет көлемін ескере отырып, тиісті инвестициялық қарыздар бойынша төленетін сыйақыларды қоса алғанда, электр желілерін салу жөніндегі инвестициялық бағдарлама шеңберінде инвестициялардың қайтарылуын ескере отырып, жылдар бойынша ауыспалы шама ретінде электр желілері қуатының қолжетімділігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған тариф;
7) электр желілерін салуға арналған инвестициялық келісім жасалғаннан кейін бірыңғай сатып алушы осы ұйыммен инвестициялық келісімде көрсетілген тариф бойынша, көлемде жəне мерзімдерде электр желілері қуатының қолжетімділігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарт жасасады;
8) осы тармақтың бірінші бөлігінің 7) тармақшасында көрсетілген шарттар бойынша электр желілері қуатының қолжетімділігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу шарт жасалған жылдан кейінгі жылдың екінші тоқсанынан бастап жүзеге асырылады.
Бұл ретте инвестициялық келісімде көрсетілген электр желілері қуатының қолжетімділігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған жеке тариф, сондай-ақ осы көрсетілетін қызметті сатып алу көлемі мен мерзімі ұлғайту жағына түзетуге жатпайды.
Электр желілері қуатының қолжетімділігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттар бойынша міндеттемелер орындалмаған жағдайда уəкілетті орган айқындаған тəртіппен электр қуаты нарығында төмендету коэффициенттері қолданылады.
3. Осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасына сəйкес электр желілерін салу кезінде:
1) инвестордың электр желілерін салуға арналған аукциондық сауда-саттыққа бастамашылық жасауға өтінім жіберу тəртібін жəне оны қарау тəртібін уəкілетті орган айқындайды.
Инвестордың өтінімінде жобаның қаржылық-экономикалық моделін, құнын, инвестицияларды қайтару сомасын, жобаны іске асыру мерзімін, электр желілері қуатының қолжетімділігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған жеке тарифтің шекті мөлшерін, электр желілері қуатының қолжетімділігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемін қамтитын жобаның алдын ала техникалық-экономикалық негіздемесінің қамтылуы міндетті;
2) электр желілерін салу жөніндегі жобаны іске асыру қажеттілігі туралы қорытындыны уəкілетті орган Қазақстан Республикасының мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжат-тары, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмалары жəне (немесе) актілері негізінде, сондай-ақ электр желілерін салу жөніндегі жобаның басымдығы мен өзектілігін ескере отырып қабылдайды;
3) электр желілерін салуға арналған аукциондық сауда-саттықты электр желілерін салу жөніндегі жобаларды іске асыру үшін жеңімпазды іріктеу жəне электр желілері қуатының қолжетімділігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке олардың жеке тарифтерін айқындау мақсатында аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы ұйымдастырады жəне өткізеді.
Электр желілерін салуға арналған аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру жəне өткізу уəкілетті орган айқындаған тəртіппен жүзеге асырылады.
Электр желілерін салуға арналған аукциондық сауда-саттық жеңімпазы уəкілетті орган айқындаған тəртіппен уəкілетті органмен электр желілерін салуға арналған инвестициялық келісім жасасады.
Бұл ретте инвестициялық келісімде көрсетілген электр желілері қуатының қолжетімділігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған жеке тариф, сондай-ақ осы көрсетілетін қызметті сатып алу көлемі мен мерзімі ұлғайту жағына түзетуге жатпайды.
Электр желілері қуатының қолжетімділігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттар бойынша міндеттемелер орындалмаған жағдайда уəкілетті орган айқындаған тəртіппен электр қуаты нарығында төмендету коэффициенттері қолданылады;
4) электр желілерін салуға арналған аукциондық сауда-саттық жеңімпазы электр желілері қуатының қолжетімділігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттың бүкіл мерзімі ішінде электр желілері қуатының қолжетімділігін ұстап тұруды жүзеге асырады;
5) жобаны іске асыру үшін тартылған тиісті қарыздар бойынша күрделі шығындар мен сыйақылар сомасын өтеу, электр желілерін салуға арналған аукциондық сауда-саттық жеңімпазының инвестицияланған капиталына рентабельділік нормалары бірыңғай сатып алушыға электр желілері қуатының қолжетімділігін ұстап тұру бойынша қызмет көрсету арқылы қамтамасыз етіледі;
6) электр желілерін салуға арналған аукциондық сауда-саттық жеңімпазы пайдалануға бергеннен кейін электр желілері уəкілетті орган айқындаған тəртіппен:
көрсетілген электр желілері ұлттық электр желісіне қосылған жағдайда жүйелік операторға;
ұлттық электр желісіне қосылу болмаған жағдайда, тиісті өңірлік электр желілік компанияларға сенімгерлік басқаруға берілуге тиіс;
7) электр желілерін сенімгерлік басқаруға беру мақсатында электр желілерін салуға арналған аукциондық сауда-саттық жеңімпазы электр желілерін олардың техникалық жай-күйі тұрғысынан зерттеп-қарауды жүргізетін жүйелік оператордың жəне (немесе) тиісті өңірлік электр желілік компанияның оң қорытындысын алуға міндетті.
Электр желілерінің қанағаттанарлықсыз жай-күйі анықталған жəне жүйелік оператордың жəне (немесе) тиісті өңірлік электр желілік компанияның тиісті теріс қорытындысы алынған жағдайда, электр желілерін салуға арналған аукциондық сауда-саттық жеңімпазы анықталған ескертулерді жоюға жəне жүйелік оператордың жəне (немесе) тиісті өңірлік электр желілік компанияның қорытындысында көзделген, электр желілерін тиісті жай-күйге келтіру жөніндегі іс-шараларды орындауға міндетті.
Жүйелік оператордың жəне (немесе) тиісті өңірлік электр желілік компанияның электр желілерін олардың техникалық жай-күйі тұрғысынан зерттеп қарауды жүргізуі, электр желілерін салуға арналған аукциондық сауда-саттық жеңімпазының электр желілерін тиісті жай-күйге келтіру жөніндегі іс-шараларды орындауы уəкілетті орган белгілеген тəртіппен жүзеге асырылады;
8) электр желілерін салуға арналған аукциондық сауда-саттық жеңімпазы:
уəкілетті органмен жасалған инвестициялық келісімде көзделген талаптарға сəйкес электр желілерін тиісті техникалық жəне экономикалық жай-күйде сенімгерлік басқаруға беруді қамтамасыз етуге;
уəкілетті органға, бақылау органына, жүйелік операторға жəне (немесе) тиісті өңірлік электр желілік компанияға жəне бірыңғай сатып алушыға электр желілеріне, сондай-ақ жоба шеңберінде қызметті жүзеге асыруға қатысты құжаттамаға кедергісіз қолжетімділік беруге;
Қазақстан Республикасының заңдарына, электр желілерін салуға арналған инвестициялық келісімге жəне электр желілері қуатының қолжетімділігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шартқа сəйкес белгіленген өзге де талаптар мен шарттарды сақтауға міндетті;
9) уəкілетті орган, бақылау органы жүйелік оператормен, өңірлік электр желілік компаниямен жəне (немесе) бірыңғай сатып алушымен бірлесіп:
электр желілерін салуға арналған аукциондық сауда-саттық жеңімпазының қаржы-шаруашылық қызметін, оның ішінде аудиторлық ұйымды тарту арқылы тексеруді жүзеге асыруға;
электр желілерінің техникалық жай-күйін, оның ішінде электр желілерін кешенді сынақтан өткізу шеңберінде тексеруді жүзеге асыруға;
электр желілеріне, сондай-ақ жоба шеңберінде қызметті жүзеге асыруға қатысты құжаттамаға кедергісіз қол жеткізуге;
жол берілген бұзушылықтарды Қазақстан Республикасы заңнамасының жəне электр желілері қуатының қолжетімділігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарт талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру шеңберінде жоюды талап етуге;

Добавить в список основных источников в Google