Все сервисы
Zanger
«Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтерді) импортына лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 29 қыркүйектегі № 299 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2026 жылғы 19 қарашадағы № 412 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтерді) импортына лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 29 қыркүйектегі № 299 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21494 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтерді) импортына лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларында (бұдан әрі - Қағидалар):
2-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) Бірыңғай байланыс орталығы - мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті орган айқындаған, көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік және өзге де қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпарат беру, сондай-ақ мемлекеттік органдарға ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпарат беру жөніндегі ақпараттық-анықтамалық қызмет функцияларын орындайтын заңды тұлға.»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

Добавить в список основных источников в Google