Все сервисы
Zanger
Еңбекті қорғау қызметтерінің жұмыскерлері санының салааралық үлгілік нормативтерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 2 қыркүйектегі № 349 бұйрығы
(2026.20.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 16-бабының 41-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Еңбекті қорғау қызметтерінің жұмыскерлері санының салааралық үлгілік нормативтері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметтері департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қатамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі А.Ә. Сарбасовқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
Б. Нурымбетов |
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022.31.03. № 108 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2026.01.07. № 283 бұйрығымен (2026 ж. 20 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) үлгілік нормативтері жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрінің
2020 жылғы 2 қыркүйектегі
№ 349 бұйрығымен бекітілген

Добавить в список основных источников в Google