Все сервисы
Zanger
«Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 7 қарашадағы № 517 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2026 жылғы 2 сәуірдегі № 171 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 7 қарашадағы № 517 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35344 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидаларының:
1-тармақта:
17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«17) МҒТС қорытындысы - МҒТС объектісі бойынша бағалаудың әрбір өлшемшарты бойынша балдарды жинақтау негізінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысанда ұйымдастырушының цифрлық жүйесінде қалыптастырылған қорытынды;»;
24) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«24) ұйымдастырушының автоматтандырылған цифрлық жүйесі (бұдан әрі - ұйымдастырушы АЦЖ) - ғылыми-техникалық сараптама объектілері мен субъектілерін тіркеуге, оларды өңдеуге және сақтауға, іздеуге, сараптамалық бағалау жүргізуге және ақпарат беруге мүмкіндік беретін бағдарламалық-техникалық құралдар кешені;»;
9-тармақтың бірінші бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
Документ не введен в действие
Демо – версия документа