Все сервисы
Zanger
«Көлік және метрополитен нысандарында қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасы полиция қызметкерлерінің патрульдік-бекеттік қызметті атқаруы жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 2 ақпандағы № 115 және «Елді мекендерде және қала сыртындағы автомобиль жолдарында қоғамдық тәртіпті сақтау және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасы полиция қызметкерлерінің патрульдік-бекеттік қызметті атқаруы жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 15 ақпандағы № 164 бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2026 жылғы 1 шілдедегі № 469 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Көлік және метрополитен нысандарында қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасы полиция қызметкерлерінің патрульдік-бекеттік қызметті атқаруы жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 2 ақпандағы № 115 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31849 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Көлік және метрополитен нысандарында қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасы полиция қызметкерлерінің патрульдік-бекеттік қызметті атқаруы жөніндегі нұсқаулықта:
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«23. Шетел азаматтарымен дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктердің қызметкерлерімен байланысқа ПБЖ тек өзінің қызметтік міндеттері шегінде ғана түседі (құқық бұзушылықтардың жолын кесу, ұшақтың, жолаушылар поезының, электр пойызының қозғалыс кестесін түсіндіру, қонақ үйлердің, тамақтану пунктерінің орналасуы).

Добавить в список основных источников в Google