Все сервисы
Zanger
«Мемлекеттік органдар қызметіне салалық (ведомстволық) функционалдық шолулар жүргізу жөніндегі Әдістемені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 21 қазандағы № 111 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2026 жылғы 22 мамырдағы № 53 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекеттік органдар қызметіне салалық (ведомстволық) функционалдық шолулар жүргізу жөніндегі Әдістемені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 21 қазандағы № 111 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік органдар қызметіне салалық (ведомстволық) функционалдық шолулар жүргізу жөніндегі әдістемеде:
мынадай мазмұндағы 8-1), 8-2), 11-1) жәнге 14) тармақшаларымен толықтырылсын:
«8-1) мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган - мемлекеттік қызмет саласында біртұтас мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган;
8-2) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган - бюджеттік жоспарлау саласында басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді, өз құзыреті шегінде бюджеттік жоспарлау бойынша әдіснамалық басшылықты, сондай-ақ бюджеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;»;
«11-1) мемлекеттік орган функцияларын саралау - стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуге қосқан үлесі негізінде функцияларды басымдық деңгейлері мен басқарушылық маңыздылығы бойынша жіктеу және бөлу жөніндегі жүйелендірілген процесс;»;
«14) Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының адам ресурстарын басқару институтының жасанды интеллект зертханасы (бұдан әрі - ЖИ-зертханасы) - мемлекеттік сектор үшін зияткерлік шешімдерді әзірлеу, тестілеу және енгізу жөніндегі цифрлық алаң;»;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

Добавить в список основных источников в Google