Все сервисы
Zanger
2002 жылғы 7 қазандағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияға өзгерістер енгізу туралы
ХАТТАМА
(2025 жылғы 26 маусымда)
ҚР 2026 жылғы 15 сәуірдегі № 279-VIII Заңымен ратификацияланды
Бұдан әрі Уағдаласушы Тараптар деп аталатын 2002 жылғы 7 қазандағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияға қатысушы мемлекеттер
Уағдаласушы Тараптардың аумақтарында кәмелетке толмаған балаларға алимент өндіріп алу туралы сот бұйрықтарын тануға өзара мүдделілікті негізге ала отырып,
төмендегілер туралы уағдаласты:
2002 жылғы 7 қазандағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияға (бұдан әрі - Конвенция) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1. Конвенцияның 6-бабының бірінші абзацы «азаматтық істер бойынша атқарушы жазбаларды, сот шешімдерін» деген сөздерден кейін», кәмелетке толмаған балаларға алимент өндіріп алу туралы сот бұйрықтарын (сот бұйрығы туралы ұйғарымдарды) (бұдан әрі - сот бұйрықтары)» деген сөздермен толықтырылсын.
2. Конвенцияның 54-бабы 1-тармағының «а» тармақшасы «(бұдан әрі - шешім)» деген сөздерден кейін «, сот бұйрықтарын» деген сөздермен толықтырылсын.
3. Конвенцияның 56-бабы мынадай редакцияда жазылсын:
«56-бап. Шешімді, сот бұйрығын тану және орындау туралы өтінішхат
1. Шешімді, сот бұйрығын тану және орындау туралы өтінішхатты пайдасына шешім, сот бұйрығы шығарылған тарап шешім, сот бұйрығы орындалуға жататын Уағдаласушы Тараптың құзыретті сотына береді. Оны іс бойынша шешім, сот бұйрығын шығарған бірінші сатыдағы сотқа да беруге болады. Бұл сот өтінішхат бойынша шешім шығаруға құзыретті сотқа өзінің шешімін, сот бұйрығын тану және орындау туралы өтінішхат жібереді.
2. Өтінішхатқа: