Все сервисы
Zanger
Цифрлық қаржы активтері эмитенттерінің есептілік тізбесін, нысандарын, ұсыну мерзімдері мен қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 7 қыркүйектегі № 128 және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2026 жылғы 9 қыркүйектегі № 112 бірлескен қаулысы
«Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген мына:
1) базалық активі қаржы құралдары (оның ішінде туынды бағалы қағаздарды, туынды қаржы құралдарын, басқа да цифрлық қаржы активін қоса алғанда, бағалы қағаздар), қаржы активі, мүліктік құқықтар (талаптар), ақшаны қоспағанда, тауарлар және (немесе) өзге де мүлік және (немесе) цифрлық қаржы активтері платформасы операторының цифрлық платформасында электрондық-цифрлық нысанда шығарылатын қаржы құралдары болып табылатын цифрлық қаржы активтері эмитенттері есептілігінің тізбесі (бұдан әрі - цифрлық қаржы активтері туралы есеп);
2) цифрлық қаржы активтері туралы есептің нысаны;
3) Цифрлық қаржы активтері эмитенттерінің есептілікті ұсыну қағидалары бекітілсін.
2. Цифрлық қаржы активтерінің эмитенттері Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне электрондық форматта:
тоқсан сайын - есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10 (оныншы) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде цифрлық қаржы активтері туралы есепті ұсынады.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Бағалы қағаздар нарығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Заң департаментімен бірлесіп осы бірлескен қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

Добавить в список основных источников в Google