Все сервисы
Zanger
«Маркетинг желiсi, қоғамдық таратушылар, почта және басқа да тәсiлдер бойынша сату арқылы сауда орнынан тыс бөлшек сауда қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрінің 2022 жылғы 11 наурыздағы № 136-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 2022 жылғы 1 шілдедегі № 279-НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Маркетинг желiсi, қоғамдық таратушылар, почта және басқа да тәсiлдер бойынша сату арқылы сауда орнынан тыс бөлшек сауда қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрінің 2022 жылғы 11 наурыздағы № 136-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27114 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Маркетинг желiсi, қоғамдық таратушылар, почта және басқа да тәсiлдер бойынша сату арқылы сауда орнынан тыс бөлшек сауда қағидаларында:
6-тармақтың екінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
«Сатушы сатып алушымен келісім бойынша тауарды арнайы ыдысқа (себеттер, қораптар, полиэтилен сөмкелер және басқалар) орап салу, тапсырыстарды сыйлық ретінде әсемдеп орау жөнiнде қосымша қызметтер, тауарларды жеткізу жөнiнде қызметтер көрсетеді.»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

Добавить в список основных источников в Google