Все сервисы
Zanger
«Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне әуе көлігімен мемлекет есебінен жол жүру құқығын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 2 тамыздағы № 406 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2026 жылғы 31 шілдедегі № 847 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне әуе көлігімен мемлекет есебінен жол жүру құқығын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 2 тамыздағы № 406 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15659 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне әуе көлігімен мемлекет есебінен жол жүру құқығын беру қағидаларында:
4, 5 және 9, 10-тармақтарда орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
12-тармақта орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Әскери қызметшілердің қызметтік іссапарға, сондай-ақ әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің демалысқа және кері қарай немесе басқа жергілікті жерге жаңа қызмет орнына ауысқанда мемлекеттік авиацияның әуе кемесімен жол жүруіне ол маршруттың бастапқыдан соңғы пунктіне дейін жолшыбай бағыттағы рейсті орындаған жағдайда жол беріледі, бұл ретте жол жүру үшін жоғары қолбасшылықтың өкімдері, нұсқаулары негіз болып табылады.»;
мынадай мазмұндағы 13-1-тармақпен толықтырылсын:
«13-1. Құрылымдық бөлімшенің тура бастығы қол қойған жол жүру мақсаты туралы ақпарат қоса берілетін әскери қызметшінің жол жүруге баянаты Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әскери-әуе күштерінің қолбасшысына жіберіледі.
Әуе кемесіне отырғызу алдында:

Добавить в список основных источников в Google