Все сервисы
Zanger
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022.03.08. № 290 бұйрығымен қағида жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрінің
2020 жылғы 28 мамырдағы
№ 197 бұйрығына 2-қосымша
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025.25.12. № 411 бұйрығымен күші жойылды
«Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу»
мемлекеттiк қызмет көрсету қағидалары
(2022.03.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы «Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу» мемлекеттiк қызметті көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірлеген және «Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу» мемлекеттiк қызмет көрсету тәртібін айқындайды (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Осы Қағидаларға сәйкес жеке тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік қызметті Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);
2) көрсетілетін қызметті беруші;
3) www.egov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттiк қызметті көрсету тәртiбi

Добавить в список основных источников в Google