Все сервисы
Zanger
Аумақтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау субъектісін (объектісін) тексеретін әскери қызметшінің қызметтік куәлігін беру, қолдану қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2026 жылғы 18 шілдедегі № 795 бұйрығы
«Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабы 1-тармағының 26-7) тармақшасына және «Қазақстан Республикасының аумақтық қорғанысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабы 5-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Аумақтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау субъектісін (объектісін) тексеретін әскери қызметшінің қызметтік куәлігін беру, қолдану қағидалары және оның сипаттамасы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының Аумақтық қорғаныс департаменті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 472 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізу қағидалары 10-тармағының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33059 болып тіркелген) талаптарына сәйкес қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

Добавить в список основных источников в Google