Все сервисы
Zanger
Азаматты хабар-ошарсыз кетті деп тану немесе қайтыс болды деп жариялау туралы істер бойынша сот практикасы туралы
2019 жылғы 31 мамырдағы № 2 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы
(2024.25.12. берілген өзгерістермен)
ҚР Жоғарғы Сотының 2024.28.11. № 4 Нормативтік қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (2024 ж. 25 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Жоғарғы Сотының 2024.28.11. № 4 Нормативтік қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (2024 ж. 25 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Соттардың азаматты хабар-ошарсыз кетті деп тану немесе қайтыс болды деп жариялау туралы істерді қарау кезінде заңнаманың біркелкі қолдануын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы мынадай түсіндірмелер беруге қаулы етеді:
ҚР Жоғарғы Сотының 2024.28.11. № 4 Нормативтік қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 25 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (бұдан әрі - АК) 28, 31-баптарына және Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК) 317-бабының екінші бөлігіне сәйкес азаматты хабар-ошарсыз кетті деп тану немесе қайтыс болды деп жариялау туралы іс оның отбасы мүшелерінің, прокурордың, қоғамдық бірлестіктердің, қорғаншылық және қамқоршылық органы мен басқа да мүдделі тұлғалардың арызы бойынша басталуы мүмкін.
Отбасы мүшелері (жұбайы (зайыбы), ата-аналары, балалары және басқа да адамдар) осы санаттағы істер бойынша арыз берушілер болып табылады. Соттар арыз беруші жеке тұлғалардың субъектілік құрамы отбасылық және туыстық қарым-қатынастағы адамдармен шектелмейтінін ескеруі тиіс.
Демо – версия документа