Все сервисы
Zanger
Қазақстан Республикасы
Көлік министрінің
2026 жылғы 27 тамыздағы
№ 224 бұйрығына 1-қосымша
Кәсіптік стандарт «Кеме жүргізуші (теңіз көлігі)»
1-тарау Жалпы ережелер
1. Кәсіптік стандартты қолдану саласы: «Кеме жүргізуші (теңіз көлігі)» кәсіптік стандарты Қазақстан Республикасының «Кәсіптік біліктілік туралы» Заңының 5-бабына сәйкес әзірленген және білім беру бағдарламаларын қалыптастыруға қойылатын талаптарды, соның ішінде кәсіпорындардағы персоналды оқыту, қызметкерлер мен білім беру ұйымдары түлектерінің кәсіби біліктілігін тану, сондай-ақ ұйымдар мен кәсіпорындарда кадрларды басқару саласындағы кең ауқымды міндеттерді шешуді айқындайды.
2. Осы кәсіптік стандартта мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
1) білім - кәсіптік міндет шеңберінде іс-әрекеттерді орындау үшін қажетті зерделенген және меңгерілген ақпарат;
2) дағды - кәсіптік міндетті толығымен орындауға мүмкіндік беретін білім мен машықты қолдану қабілеті;
3) информалды білім - білім беру ұйымдарынан және білім беру қызметтерін ұсынатын ұйымдардан тыс күнделікті қызмет барысында алынатын және оқыту нәтижелерін растаушы құжат берілмей жүргізілетін білім беру түрі;
4) кәсіп - жеке адам жүзеге асыратын және орындалуы үшін белгілі бір біліктілікті талап ететін қызмет түрі;
5) кәсіптік біліктілік - кәсіп бойынша еңбек функцияларын орындау үшін талап етілетін құзыреттерді меңгеруді сипаттайтын кәсіптік даярлық дәрежесі;
6) кәсіптік біліктілікті тану - кандидаттың кәсіптік стандарттардың талаптарына, ал олар болмаған кезде біліктілік талаптарына сәйкестігін бағалау және ол туралы шешім қабылдау рәсімі;
7) кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде кәсіптік біліктілікті тану бойынша басшылықты, сондай-ақ салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

Добавить в список основных источников в Google