Все сервисы
Zanger
«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 14 сәуірдегі № 147 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 244 бұйрығы
ҚР Энергетика министрінің 2026 жылғы 30 шілдедегі № 288-н/қ бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 14 сәуірдегі № 147 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының регламенті осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Әкімшілік жұмысы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің құрылымдық бөлімшелері, ведомствосы, аумақтық органдары мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының назарына жеткізсін;
2) осы бұйрық қабылданған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде жіберсін;
3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Аппарат басшысына жүктелсін.

Добавить в список основных источников в Google