Все сервисы
Zanger
«Арнайы кедендік статистиканы жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 3 желтоқсандағы № 748 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 9 қыркүйектегі № 613 бұйрығы
1. «Арнайы кедендік статистиканы жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 3 желтоқсандағы № 748 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Арнайы кедендік статистиканы жүргізу қағидаларында:
9-тармақ мынандай редакцияда жазылсын:
«9. Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес тұлғалар ұсынатын құжаттар мен мәліметтер негізінде Комитеттің цифрлық жүйелеріндегі және аумақтық мемлекеттік кірістер органдары ұсынатын есептіліктердегі мәліметтер арнайы кедендік статистиканы қалыптастыруға арналған дерек көздері болып табылады.»;
осы бұйрыққа қосымшаның орыс тіліндегі мәтініне өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылады.

Добавить в список основных источников в Google