Все сервисы
Zanger
Алматы қаласы, Жетісу, Ақтөбе, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Алматы, Ақмола, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау және Түркістан облыстары бойынша жылжымайтын мүліктің жаңа меншік иесі мен коммуналдық қызметтерді жеткізушілер арасында шарт (тар) жасасу бизнес-процесін оңтайландыру жөніндегі пилоттық жобаны іске қосу туралы
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2025 жылғы 2 сәуірдегі № 135/НҚ бұйрығы
5-тармаққа сәйкес 12 (он екі) ай бойы қолданылды
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес алгоритм бойынша Алматы қаласы, Жетісу, Ақтөбе, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Алматы, Ақмола, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау және Түркістан облыстары бойынша жылжымайтын мүліктің жаңа меншік иесі мен коммуналдық қызметтерді жеткізушілер арасында шарт жасасу бизнес-процесін оңтайландыру жөніндегі пилоттық жоба іске асырылсын.
2. Ұйымдар (келісім бойынша) пилоттық жобаға қатысу үшін:
1) Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің дербес деректеріне қолжетімділікті бақылау мемлекеттік сервисімен интеграцияны;
2) пилоттық жоба шеңберінде қызметтерді көрсету кезінде Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы, жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы заңнамасына сәйкес дербес деректерге қолжетімділікті бақылау мемлекеттік сервисі арқылы дербес деректер субъектісінің немесе оның заңды өкілінің келісімін алуды;
3) мемлекеттік ақпараттық жүйелердің ақпараттық қауіпсіздігі жөнінде бірлескен жұмыстар шарттарының болуы;
4) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес өзінің ақпараттық қауіпсіздік жедел орталығының жұмыс істеуін немесе үшінші тұлғалардан ақпараттық қауіпсіздік жедел орталығының қызметін сатып алуды қамтамасыз етсін, сондай-ақ оның Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығымен өзара әрекет етуін;
Документ утратил силу
Демо – версия документа