Все сервисы
Zanger
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2026 жылғы 18 ақпандағы
№ 1177 Жарлығымен
МАҚҰЛДАНҒАН
Жоба
Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының Гонконг
арнаулы әкімшілік ауданы арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы
келісім
Бұдан әрі «Тараптар» деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының Орталық халық үкіметі осы Келісімді жасасуға тиісті түрде уәкілеттік берген Қытай Халық Республикасының Гонконг арнаулы әкімшілік ауданы (бұдан әрі - Гонконг арнаулы әкімшілік ауданы)
Тараптар арасындағы достық қатынастар мен ынтымақтастықты назарға ала отырып, қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету кезінде ынтымақтастықты нығайтуды және тергеп-тексеруде, қудалауда және қылмыстық істер бойынша өзге де талқылауларда, сондай-ақ қылмыстық әрекеттен түсетін кірістерді тәркілеуде Тараптардың тиімділігін арттыруды қалай отырып,
өздерінің заңнамасына сәйкес әрекет ете келе, сондай-ақ халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған қағидаттарын құрметтей отырып,
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Құқықтық көмек көрсету бойынша міндеттеме
1. Тараптар осы Келісімнің және өз заңнамасының ережелеріне сәйкес тергеп-тексеруде, қудалауда және қылмыстық істер бойынша өзге де талқылауларда бір-біріне өзара құқықтық көмек (бұдан әрі - құқықтық көмек) көрсетеді.
2. Осы Келісімнің мақсаты бір Тараптың екінші Тарапқа құқықтық көмек көрсетуі ғана болып табылады. Осы Келісімнің ережелері қандай да бір жеке немесе заңды тұлғалардың дәлелдемелерді алу, жасыру немесе жою не құқықтық көмек туралы сұрау салуды орындауға кедергі жасау құқығының туындауына алып келмейді.
3. Осы Келісім Тараптардың ешқайсысына екінші Тараптың аумағында тек қана екінші Тараптың құзыретіне ғана жатқызылған өкілеттіктерді жүзеге асыру құқығын бермейді.
Демо – версия документа