Все сервисы
Zanger
«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің қарамағындағы террористік тұрғыдан осал мұнай-газ саласы объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 15 наурыздағы № 106 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2026 жылғы 6 тамыздағы № 297-н/қ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің қарамағындағы террористік тұрғыдан осал мұнай-газ саласы объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 15 наурыздағы № 106 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердің мемлекеттiк тізілімінде № 32078 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің қарамағындағы террористік тұрғыдан осал мұнай-газ саласы объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықта:
мынадай мазмұндағы 78-1-тармақпен толықтырылсын:
«78-1. Объектілерді терроризмге қарсы қорғауды күшейту мақсатында Каспий теңізінің қазақстандық секторында жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын мұнай-газ саласының шаруашылық жүргізу субъектілері (объектілердің меншік иелері, иелері, объектілердің басшылары немесе лауазымды тұлғалары) терроризмге қарсы күрес жөніндегі теңіз жедел штабының күштері мен құралдарын терроризмге қарсы күрес жөніндегі теңіз жедел штабының сұрау салуы бойынша өндірістік объектілердің маңынан орналастыру орнын қамтамасыз етеді және терроризмге қарсы күрес жөніндегі теңіз жедел штабының күштері мен құралдарын орналастыруға тікелей байланысты шығыстарды көтереді. Бұл ретте терроризмге қарсы күрес жөніндегі теңіз жедел штабы күштері мен құралдарын теңіз өндірістік объектілерінің маңында мобильді теңіз құралдарында орналастыруға рұқсат етіледі.»;

Добавить в список основных источников в Google