Все сервисы
Zanger
«Дербес деректер субъектілерін дербес деректердің қауіпсіздігін бұзу туралы хабардар етуді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 9 тамыздағы № 481/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 11 наурыздағы № 131/НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Дербес деректер субъектілерін дербес деректердің қауіпсіздігін бұзу туралы хабардар етуді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 9 тамыздағы № 481/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34919 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
«Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 9 қазандағы № 846 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 352) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Дербес деректер субъектілерін дербес деректердің қауіпсіздігін бұзу туралы хабардар етуді жүзеге асыру қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Дербес деректердің қауіпсіздігін бұзу туралы дербес деректер субъектілерін хабардар етуді жүзеге асыру туралы қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңына (бұдан әрі - Заң), Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 9 қазандағы № 846 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 352) тармақшасына сәйкес әзірленген және дербес деректер субъектілерінің дербес деректердің қауіпсіздігін бұзу туралы хабарламаларының жүзеге асырылуын айқындайды.»;
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

Добавить в список основных источников в Google