Введите номер документа
Прайс-листВидеоинструкция
Старая версия сайта

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 10 маусымдағы № 301-VIII Заңы (қолданысқа енген жоқ)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 10 маусымдағы № 301-VIII Заңы (қолданысқа енген жоқ)

Документ входит в комплект(ы):

Документы на государственном языке, Мастер, СтройМастер, Профессиональная правовая информация, Юрист-VIP

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

 ЗАҢЫ

 

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы арнаулы

мемлекеттік органдарының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1. 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім):

206-баптың бірінші бөлігіндегі «Мекеме» деген сөз «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 161-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, мекеме» деген сөздермен ауыстырылсын.

2. 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне:

1) 135-баптың 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«13) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негіздер бойынша және жағдайларда жұмыстан шығарылған немесе оқудан шығарып жіберілген адамдардан әскери, арнаулы оқу орындарында не халықаралық шарттарға сәйкес шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарында оқытуға жұмсалған сомаларды өндіріп алу туралы;»;

2) 183-баптың екінші бөлігінің екінші абзацындағы «әкелінетін, онда басып шығарылатын, әзірленетін» деген сөздер «әкелінетін, онда тасымалданатын, басып шығарылатын, әзірленетін, сақталатын» деген сөздермен ауыстырылсын;

3) 243-баптың 8) тармақшасындағы «әкелінетін, онда басып шығарылатын, әзірленетін» деген сөздер «әкелінетін, онда тасымалданатын, басып шығарылатын, әзірленетін, сақталатын» деген сөздермен ауыстырылсын;

4) 302-баптың бірінші бөлігінің 16) тармақшасындағы «әкелінетін, онда басып шығарылатын, әзірленетін» деген сөздер «әкелінетін, онда тасымалданатын, басып шығарылатын, әзірленетін, сақталатын» деген сөздермен ауыстырылсын;

5) 47-тараудың тақырыбындағы «әкелінетін, онда басып шығарылатын, әзірленетін» деген сөздер «әкелінетін, онда тасымалданатын, басып шығарылатын, әзірленетін, сақталатын» деген сөздермен ауыстырылсын;

6) 376-баптағы «әкелінетін, онда басып шығарылатын, әзірленетін» деген сөздер «әкелінетін, онда тасымалданатын, басып шығарылатын, әзірленетін, сақталатын» деген сөздермен ауыстырылсын;

7) 377-баптың екінші абзацындағы «әкелінетін, онда басып шығарылатын, әзірленетін» деген сөздер «әкелінетін, онда тасымалданатын, басып шығарылатын, әзірленетін, сақталатын» деген сөздермен ауыстырылсын;

8) 378-бапта:

«әкелінетін, онда басып шығарылатын, әзірленетін» деген сөздер «әкелінетін, онда тасымалданатын, басып шығарылатын, әзірленетін, сақталатын» деген сөздермен ауыстырылсын;

«әкелуге, шығаруға, дайындауға» деген сөздер «әкелуге, онда тасымалдауға, басып шығаруға, әзірлеуге, сақтауға» деген сөздермен ауыстырылсын.

3. 2023 жылғы 20 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне:

212-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік органдардағы және құқық қорғау органдарындағы, азаматтық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерьлік қызметте кемінде жиырма бес жыл еңбек сіңірген және қызметте болудың шекті жасына толуына байланысты қызметтен шығарылған;».

4. «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туралы» 1995 жылғы 3 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

1) кіріспедегі «күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметінің мәртебесін, өкілеттігін және» деген сөздер «мәртебесін, өкілеттігін және күзетілетін адамдар мен күзетілетін объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, күзет іс-шараларын өткізу жөніндегі қызметінің» деген сөздермен ауыстырылсын;

2) 8-бапта:

3) тармақшадағы «заңнамада көзделген шараларды уақтылы қолдану» деген сөздер «Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шараларды уақтылы қабылдау» деген сөздермен ауыстырылсын;

6) тармақшада:

«түрінде» деген сөзден кейін «және (немесе) көлік құралдарында» деген сөздермен толықтырылсын;

«автомобиль және басқа» деген сөздер «көліктің және (немесе)» деген сөздермен ауыстырылсын;

9) тармақшадағы «көлігі мен» деген сөздер «көлігін және (немесе) көлік құралдарын, сондай-ақ» деген сөздермен ауыстырылсын;

3) 9-баптың бірінші бөлігінде:

1) , 3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«1) күзетілетін объектілерге және (немесе) күзет іс-шаралары өткізілетін аймаққа кіру (көлікпен кіру) кезінде, сондай-ақ олардан шығу (көлікпен шығу) кезінде жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттарын тексеру, оны (күзетілетін адамдарды қоспағанда) жеке жете тексеруді, оның өзімен алып жүрген заттарын, көлікті және (немесе) көлік құралдарын және олармен алып өтетін заттарды жете тексеруді, оның ішінде техникалық құралдарды және (немесе) қызметтік жануарларды қолданып жете тексеруді жүргізу. Тізбесін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің Бастығы айқындайтын заттар мен заттектерді күзетілетін объектілерге және (немесе) күзет іс-шаралары өткізілетін аймаққа алып өтуге тыйым салу;»;

«3) мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың үй-жайларын, сондай-ақ жеке тұлғалардың тұрғын және басқа үй-жайларын, олардың көлігін және (немесе) көлік құралдарын, байланысын және өзге мүлкін шарт негізінде пайдалану;

4) мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан жүктелген міндеттерді орындауға қажетті ақпаратты белгіленген тәртіппен сұрату және алу;»;

7) тармақшада:

«арнайы даярлықтан өткен қызметкерлеріне» деген сөздер «арнаулы даярлықтан өткен қызметкерлеріне және (немесе) әскери қызметшілеріне» деген сөздермен ауыстырылсын;

«табель қаруы мен арнаулы құралдар» деген сөздер «қаруды және арнаулы құралдарды» деген сөздермен ауыстырылсын;

9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«9) әскери, арнаулы оқу орындарында, оқу орталықтарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердің басқа да білім беру ұйымдарында кадрларды кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды шарт негізінде жүзеге асыру;»;

9-1) тармақшадағы «қызметкерлері мен әскери қызметшілерін қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында оқытуды, даярлауды және қайта даярлауды жүзеге асыру» деген сөздер «қызметкерлерін және (немесе) әскери қызметшілерін қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыру» деген сөздермен ауыстырылсын;

11) тармақшадағы «заңдарда» деген сөз «Қазақстан Республикасының заңнамасында» деген сөздермен ауыстырылсын;

4) 4-тарау мынадай редакцияда жазылсын:

«4-тарау. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерлерінің және (немесе) әскери қызметшілерінің дене күшін, қызметтік жануарларды, арнаулы құралдарды, қаруды, жауынгерлік және өзге де техниканы қолдануы

10-бап. Дене күшін, қызметтік жануарларды, арнаулы құралдарды, қаруды, жауынгерлік және өзге де техниканы қолдану шарттары мен шегі

1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерлерінің және (немесе) әскери қызметшілерінің Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген барлық жағдайда дене күшін, қызметтік жануарларды, жауынгерлік және өзге де техниканы қолдануға, сондай-ақ арнаулы құралдарды, қаруды алып жүруге, сақтауға және қолдануға құқығы бар.

2. Қажетті қорғаныс және аса қажеттілік жағдайларында немесе құқық бұзушылық жасаған адамды ұстау кезінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкері және (немесе) әскери қызметшісі арнаулы құралдары немесе қаруы болмаған кезде қолда бар кез келген құралдарды пайдалануға, сондай-ақ осы Заңда белгіленген негіздер бойынша және тәртіппен жарақтандыруда тұрмаған өзге де қару мен техниканы қолдануға құқылы.

3. Терроризмге қарсы операция өткізілетін аймақта Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің терроризмге қарсы операцияға қатысатын қызметкерлері және (немесе) әскери қызметшілері террористтерге қатысты дене күшін, қызметтік жануарларды, арнаулы құралдарды, қаруды, жауынгерлік және өзге де техниканы ескертпестен және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген шектеулерсіз қолдануға құқығы бар.

4. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері және (немесе) әскери қызметшілері дене күшін, қызметтік жануарларды, арнаулы құралдарды, қаруды, жауынгерлік және өзге де техниканы қолдануға байланысты жағдайларда әрекеттер жасауға жарамдылығы тұрғысынан арнаулы даярлықтан өтуге, кезең-кезеңмен тексеруден өтіп тұруға міндетті.

5. Дене күшін, қызметтік жануарларды, арнаулы құралдарды, қаруды, жауынгерлік және өзге де техниканы қолданған жағдайда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері және (немесе) әскери қызметшілері айналасындағы жеке тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету үшін қажетті шараларды қабылдайды.

6. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерлерінің және (немесе) әскери қызметшілерінің дене күшін, қызметтік жануарларды, арнаулы құралдарды, қаруды, жауынгерлік және өзге де техниканы өкілеттігін асыра пайдаланып қолдануы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.

7. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкері және (немесе) әскери қызметшісі, егер қорғау күзетілетін адамдарға, күзетілетін объектілерге немесе Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерінің және (немесе) әскери қызметшісінің өзіне төнген қатердің сипаты мен қауіптілігіне сәйкес келсе, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда дене күшін, қызметтік жануарларды, арнаулы құралдарды, қаруды, жауынгерлік және өзге де техниканы қолдануына байланысты келтірген моральдық, материалдық залал және дене зақымы үшін жауап бермейді.

8. Арнаулы мемлекеттік органдардың және құқық қорғау органдарының, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, азаматтық қорғау органдарының және мемлекеттік фельдъегерьлік қызметтің қызметкерлері және (немесе) әскери қызметшілері күзетілетін адамдар мен күзетілетін объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, күзет іс-шараларын өткізуге тартылған кезде осындай қызметкерлерге және (немесе) әскери қызметшілерге осы тараудың ережелері қолданылады.

9. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері және (немесе) әскери қызметшілері арнаулы мемлекеттік органдар мен құқық қорғау органдары, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері өткізетін іс-шараларға тартылған жағдайда олардың дене күшін, қызметтік жануарларды, арнаулы құралдарды, қаруды, жауынгерлік және өзге де техниканы қолдануы осы Заңға және іс-шара бастамашысының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

10. Адам өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға алып келген, дене күші, қызметтік жануарлар, арнаулы құралдар, қару, жауынгерлік және өзге де техника қолданылған әрбір жағдай туралы жиырма төрт сағат ішінде прокурорға хабар беріледі.

11-бап. Дене күшін және қызметтік жануарларды қолдану

1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерлерінің және (немесе) әскери қызметшілерінің күзетілетін адамдардың өміріне, денсаулығына, құқықтарына, бостандықтарына, ар-намысына, қадір-қасиетіне және меншігіне қатер төндіретін қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтардың жолын кесу, оларды жасаған адамдарды ұстау, заңды талаптарға қарсы әрекеттерді еңсеру үшін, егер күш қолданбау тәсілдері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметіне жүктелген міндеттердің атқарылуын қамтамасыз етпейтін болса, дене күшін, оның ішінде жауынгерлік күрес тәсілдерін және қызметтік жануарларды қолдануға құқығы бар.

2. Қызметтік жануарлар - күзетілетін адамдар мен күзетілетін объектілерге қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау, олардың жолын кесу, соларды жасаған адамдарды анықтау мақсатында, жауынгерлік кезекшілікті атқару, көлікті және (немесе) көлік құралдарын, жеке тұлғаларды жете тексеру және жергілікті жерді қарап-тексеру кезінде құқық бұзушыларға дене күшімен, психологиялық, құрсаулау жолымен және өзге де әсер ету үшін, сондай-ақ өзге де қызметтік міндеттерді атқару үшін пайдаланылатын иттер мен жылқылар.

12-бап. Арнаулы құралдарды қолдану

1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері және (немесе) әскери қызметшілері осы Заңның 13-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларда, сондай-ақ:

1) құқық бұзушыларды, өздеріне жүктелген қызметтік міндеттерін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлеріне және (немесе) әскери қызметшілеріне немесе құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қарсылық көрсеткен немесе бағынбаған адамдарды ұстау және жеткізу;

2) жүргізушісі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерінің және (немесе) әскери қызметшісінің тоқтау туралы талабын орындамаған көлік құралын тоқтату үшін арнаулы құралдарды қолдануға құқығы бар.

2. Күзетілетін адам тұрған жаққа қарай, сондай-ақ жүктілігі білініп тұрған әйелдерге, мүгедектігі айқын көрініп тұрған адамдарға және жас балаларға қатысты, олар күзетілетін адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін шабуыл жасаған, топталып шабуыл жасаған не қарулы қарсылық көрсеткен жағдайлардан басқа кезде, арнаулы құралдарды қолдануға тыйым салынады.

13-бап. Қаруды, жауынгерлік және өзге де техниканы қолдану

1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерлерінің және (немесе) әскери қызметшілерінің қаруды, жауынгерлік және өзге де техниканы соңғы шара ретінде мынадай жағдайларда:

1) күзетілетін адамдарға жасалған шабуылды тойтару;

2) күзетілетін объектілерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі күзететін көлікке және (немесе) көлік құралдарына жасалған шабуылды тойтару, сол сияқты олар басып алынған жағдайда оларды босату;

3) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлеріне және (немесе) әскери қызметшілеріне, олардың отбасы мүшелеріне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі күзетілетін адамдар мен күзетілетін объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, күзет іс-шараларын өткізу үшін тартқан басқа да адамдарға жасалған шабуылды тойтару;

4) жеке тұлғаларды қылмыстық қол сұғудан қорғау, сондай-ақ кепілге алынған адамдарды, басып алынған күзетілетін объектілер мен арнаулы жүктерді босату;

5) қылмыстық құқық бұзушылық жасау кезінде не тікелей оны жасағаннан кейін қолға түскен, қарулы қарсылық көрсеткен жеке тұлғаларды, сондай-ақ қаруын тапсыру туралы заңды талапты орындаудан бас тартқан қарулы жеке тұлғаны ұстау;

6) қаруды, оқ-дәріні, жарылғыш, уыты күшті химиялық және улы заттектерді өзімен заңсыз алып жүрген жеке тұлғаларды қарусыздандыру;

7) әуе кеңістігін күзет іс-шаралары өткізілетін аймақта және (немесе) күзетілетін объектілер аумағының үстінен пилотсыз әуе кемелері бұзуының жолын кесу;

8) егер жүргізушісі күзетілетін адамдардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндірсе және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерінің және (немесе) әскери қызметшісінің талабы бойынша тоқтаудан бас тартса, көлік құралын тоқтату;

9) жеке тұлғаларды олардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін жануарлардың шабуылынан қорғау;

10) дабыл белгісін беру немесе көмекке шақыру үшін қолдануға құқығы бар.

2. Күзетілетін адамдар тұрған жаққа қарай, сондай-ақ әйелдер мен кәмелетке толмағандарға қатысты, олар қарулы шабуыл жасаған, қарулы қарсылық көрсеткен, адамдарды кепілге алған, көлікті және (немесе) көлік құралын басып алған жағдайларды қоспағанда, сондай-ақ қаруды, жауынгерлік және өзге де техниканы қолдану басқа адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін жағдайларда, қаруды, жауынгерлік және өзге де техниканы қолдануға тыйым салынады.»;

5) 14-баптың екінші бөлігіндегі «орындауға» деген сөз «атқаруға» деген сөзбен ауыстырылсын;

6) 15-баптың төртінші бөлігіндегі «объектілер мен көлік құралдарының» деген сөздер «объектілердің, көліктің және (немесе) көлік құралдарының» деген сөздермен ауыстырылсын;

7) 15-1-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің әскери бөлімдері мен бөлімшелері:

1) «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы заңнамасына сәйкес мерзімді әскери қызметке шақырылатын Қазақстан Республикасының азаматтары;

2) қызметке «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қабылданатын Қазақстан Республикасының азаматтары;

3) Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарының, азаматтық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерьлік қызметтің қызметкерлері;

4) әскери қызметшілер қатарынан жасақталады.»;

8) 17-бапта:

екінші бөліктегі «жетон» деген сөз «жетондар» деген сөзбен ауыстырылсын;

төртінші бөліктегі «абыройына», «орындауына» деген сөздер тиісінше «қадір-қасиетіне», «атқаруына» деген сөздермен ауыстырылсын;

бесінші бөліктегі «нұсқау» деген сөз «өкім» деген сөзбен ауыстырылсын;

9) 18-баптың 2-тармағында:

бірінші бөлікте:

бірінші абзацтағы «қолданыстағы заңнамада» деген сөздер «Қазақстан Республикасының заңнамасында» деген сөздермен ауыстырылсын;

1) тармақшадағы «күзет іс-шаралары өткізілетін орындарда» деген сөздер «күзет іс-шаралары өткізілетін аймақтарда және күзетілетін объектілерде» деген сөздермен ауыстырылсын;

9) тармақшадағы «көлік пен» деген сөздер «көліктің және (немесе) көлік құралдарының және» деген сөздермен ауыстырылсын;

екінші бөліктегі «дене күшін, арнайы құралдарды, қару мен жауынгерлік техниканы» деген сөздер «дене күшін, қызметтік жануарларды, арнаулы құралдарды, қаруды, жауынгерлік және өзге де техниканы» деген сөздермен ауыстырылсын;

10) 19-бапта:

бірінші бөліктегі «қарап-тексеруге» деген сөздер «жете тексеруге» деген сөздермен ауыстырылсын;

екінші бөліктегі «орындауға» деген сөз «атқаруға» деген сөзбен ауыстырылсын.

5. «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

1) 7-баптың бірінші бөлігіндегі «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарының» деген сөздер «Ұлттық қауіпсіздік органдарының» деген сөздермен ауыстырылсын;

2) 8-1-баптың 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларындағы «төрағасының» деген сөз «Төрағасының» деген сөзбен ауыстырылсын;

3) 11-баптың екінші бөлігі «бөлімшелер» деген сөзден кейін «Қазақстан Республикасы» деген сөздермен толықтырылсын;

4) 12-бапта:

16-1) және 16-2) тармақшалардағы «Ұлттық қауіпсіздік комитетінің» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің» деген сөздермен ауыстырылсын;

17-1) тармақшадағы «Ұлттық» деген сөз «Қазақстан Республикасы Ұлттық» деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 18-1) тармақшамен толықтырылсын:

«18-1) дағдарыстық ахуалдар туындаған, әлеуметтік сипаттағы төтенше ахуал, төтенше жағдай режимдері енгізілген кезде ұлттық қауіпсіздік органдарының әрекеттер жасауға дайындығын қамтамасыз етуге;»;

19-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«19-1) ұлттық қауіпсіздік органдарының кадрлық құрамымен тәрбие және идеология жұмысын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы айқындайтын тәртіппен ұйымдастыруға;»;

20) тармақшадағы «жүргізуге;» деген сөз «жүргізуге міндетті.» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Міндетті арнайы тексеру жөніндегі нұсқаулықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы бекітеді;»;

5) 13-бапта:

1) тармақшадағы «Ұлттық» деген сөз «Қазақстан Республикасы Ұлттық» деген сөздермен ауыстырылсын;

1-2) тармақшадағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті бекітетін қағидаларға сәйкес» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы айқындайтын тәртіппен» деген сөздермен ауыстырылсын;

17) тармақшаның бірінші бөлігі «тәртібін» деген сөзден кейін «Қазақстан Республикасы» деген сөздермен толықтырылсын;

6) 13-1-бапта:

бірінші бөліктегі «Қазақстан Республикасы» деген сөздер алып тасталсын;

екінші бөлікте:

«Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті» деген сөздер «Ұлттық қауіпсіздік комитеті» деген сөздермен ауыстырылсын;

«Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық» деген сөздер «Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық» деген сөздермен ауыстырылсын;

7) 15-3-баптың 1-тармағының 11) тармақшасындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық» деген сөздер «ұлттық» деген сөзбен ауыстырылсын;

8) 15-4-баптың 1-тармағының 12) тармақшасындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық» деген сөздер «ұлттық» деген сөзбен ауыстырылсын;

9) 16-баптың 3-тармағында:

бірінші бөлік «лимитін» деген сөзден кейін «Қазақстан Республикасы» деген сөздермен толықтырылсын;

екінші бөлік «лимиті шегінде» деген сөздерден кейін «Қазақстан Республикасы» деген сөздермен толықтырылсын;

10) 18-бапта:

1-тармақтағы «орындау» деген сөз «атқару» деген сөзбен ауыстырылсын;

2-тармақта:

бірінші бөліктегі «абыройына», «оларға жүктелген міндеттердің орындалуына», «орындауларына», «абыройы» деген сөздер тиісінше «қадір-қасиетіне», «оларға жүктелген қызметтік міндеттерді атқаруына», «атқаруларына», «қадір-қасиеті» деген сөздермен ауыстырылсын;

екінші бөліктегі «орындауына» деген сөз «атқаруына» деген сөзбен ауыстырылсын;

11) 20-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне жіберілген ұлттық қауіпсіздік органдарының ресми өкілдері мен олардың көмекшілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне немесе шетелдік ұйымдарға жіберілген ұлттық қауіпсіздік органдарының өзге де қызметкерлері Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет туралы заңнамасында көзделген еңбекке ақы төлеу және еңбек жағдайлары, сондай-ақ әлеуметтік және медициналық қамсыздандыру, оның ішінде олардың отбасы мүшелерін қамсыздандыру мәселелерінде Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметі қызметкерлерінің тиісті лауазымдарына теңестіріледі.

Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне жіберілген ұлттық қауіпсіздік органдарының ресми өкілдері мен олардың көмекшілері дипломатиялық артықшылықтар және иммунитет мәселелерінде де Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметі қызметкерлерінің тиісті лауазымдарына теңестіріледі. Бұл ретте Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне жіберілген ұлттық қауіпсіздік органдарының ресми өкілдері мен олардың көмекшілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне немесе шетелдік ұйымдарға жіберілген ұлттық қауіпсіздік органдарының өзге де қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының заңнамасында Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілері үшін белгіленген арнаулы немесе әскери атағы бойынша айлықақысы, қызмет өткерудің ерекше жағдайлары үшін үстемеақылары және басқа да үстемеақылары, сондай-ақ құқықтары, кепілдіктері, жеңілдіктері, өтемақылары сақталады.

Қызметкерлері Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне немесе шетелдік ұйымдарға жіберілуі мүмкін ұлттық қауіпсіздік органдары бөлімшелерінің тізбесін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы айқындайды. Бұл ретте оларды Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне немесе шетелдік ұйымдарға жіберу тәртібін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы айқындайды.

Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне жіберілген ұлттық қауіпсіздік органдарының ресми өкілдері мен олардың көмекшілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне немесе шетелдік ұйымдарға жіберілген ұлттық қауіпсіздік органдарының өзге де қызметкерлерінің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет туралы заңнамасында белгіленген көлемде және тәртіппен, теңестірілген лауазымдар бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті үшін бөлінген бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Добавить в список основных источников в Google

Документ не введен в действие
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь

Уважаемый пользователь! Мы стремимся постоянно улучшать качество наших услуг. Пожалуйста, поделитесь своими предложениями — Ваше участие поможет нам стать ещё удобнее и эффективнее для Вас!