Все сервисы
Zanger
«Су объектілерінің жай-күйіне әсер ететін құрылысжайлар мен басқа да объектілерді орналастыруды, жобалауды және салуды, реконструкциялауды, сондай-ақ су объектілеріндегі, су қорғау аймақтары мен белдеулеріндегі құрылыс қызметіне, ағаш өсіруге, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға, ұңғымаларды бұрғылауға, жерүсті су объектілерін санациялауға, су объектілерінің балық шаруашылығы мелиорациясына, ауыл шаруашылығы жұмыстары мен өзге де жұмыстарға байланысты жұмыстарды жүргізу шарттарын келісу Қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің міндетін атқарушысының 2025 жылғы 20 маусымдағы № 142-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің м.а. 2026 жылғы 26 мамырдағы № 161-НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Су объектілерінің жай-күйіне әсер ететін құрылысжайлар мен басқа да объектілерді орналастыруды, жобалауды және салуды, реконструкциялауды, сондай-ақ су объектілеріндегі, су қорғау аймақтары мен белдеулеріндегі құрылыс қызметіне, ағаш өсіруге, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға, ұңғымаларды бұрғылауға, жерүсті су объектілерін санациялауға, су объектілерінің балық шаруашылығы мелиорациясына, ауыл шаруашылығы жұмыстары мен өзге де жұмыстарға байланысты жұмыстарды жүргізу шарттарын келісу Қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің м.а. 2025 жылғы 20 маусымдағы № 142-НҚ бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36324 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Су кодексінің 50-бабы 5-тармағына, «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

Добавить в список основных источников в Google