Все сервисы
Zanger
«Таңбалауға жататын тауарлардың тізбесін және оны енгізу күнін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2026 жылғы 26 мамырдағы № 199-НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2026 жылғы 30 маусымдағы № 215-НҚ бұйрығы
(2026.04.09. берілген өзгерістермен)
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Таңбалауға жататын тауарлардың тізбесін және оны енгізу күнін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2026 жылғы 26 мамырдағы № 199-НҚ бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген таңбалауға жататын тауарлардың тізбесі және оның енгізілген күні осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Цифрлық трансформация және тауарларды таңбалау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін қазақ және орыс тілдерінде электрондық нысанда «Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықтың қабылдануы туралы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне хабарлама жіберуді;
3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі |
А. Шаққалиев |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі

Добавить в список основных источников в Google