Все сервисы
Zanger
«Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 77 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2026 жылғы 17 шілдедегі № 508 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 77 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13199 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнайы оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларына:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы», «Құқық қорғау қызметі туралы», «Білім туралы», «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы күштері туралы» және «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» (бұдан әрі - «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заң) Заңдарына сәйкес әзірленді және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі - ІІМ) әскери, арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдау тәртібін айқындайды.
38, 39, 40 және 41-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«38. Ішкі істер министрлігінің арнаулы оқу орындары Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 14 қарашадағы № 764 бұйрығымен бекітілген Білім беру бағдарламаларының тізбесіне сәйкес кадрларды дайындайды (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17755 тіркелген).

Добавить в список основных источников в Google