Введите номер документа
Прайс-лист

«Жетісу облысының балалардың құқықтарын қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесін құру туралы» Жетісу облысы әкімдігінің 2026 жылғы 13 наурыздағы № 75 Қаулысы

Информация о документе
Датапятница, 13 марта 2026
Статус
Действующийвведен в действие с 31 марта 2026
Дата последнего измененияпятница, 13 марта 2026

Жетісу облысының балалардың құқықтарын қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесін құру туралы
Жетісу облысы әкімдігінің 2026 жылғы 13 наурыздағы № 75 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) 38, 40, 41, 42-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27, 37-баптарына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Жетісу облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Жетісу облысының балалардың құқықтарын қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесі құрылсын.

2. «Жетісу облысының балалардың құқықтарын қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

3. «Жетісу облысының балалардың құқықтарын қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Жетісу облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Облыс әкімі

Б. Исабаев

 

Жетісу облысы әкімдігінің

2026 жылғы 13 наурыздағы

№ 75 қаулысына қосымша

 

 

«Жетісу облысының балалардың құқықтарын қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің
Ережесі


1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. «Жетісу облысының балалардың құқықтарын қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) Жетісу облысы аумағындағы балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыратын, сондай-ақ осы салада мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. Басқарманың ведомстволары жоқ.

3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік-құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами