Введите номер документа
Прайс-лист

«Резервтегі әскери қызметті өткеру туралы келісімшарттың үлгілік нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2025 жылғы 11 желтоқсандағы № 1704 бұйрығы

Информация о документе
Датачетверг, 11 декабря 2025
Статус
Действующийвведен в действие с 23 декабря 2025
Дата последнего изменениячетверг, 11 декабря 2025

Резервтегі әскери қызметті өткеру туралы келісімшарттың үлгілік нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2025 жылғы 11 желтоқсандағы № 1704 бұйрығы

 

Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларының 174-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес резервтегі әскери қызметті өткеру туралы келісімшарттың үлгілік нысаны бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Кадрлар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

3) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Кадрлар департаментінің бастығына жүктелсін.

4. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы

Қорғаныс министрі

 

Д. Косанов

 

Қазақстан Республикасы

Қорғаныс министрінің

2025 жылғы 11 желтоқсандағы

№ 1704 бұйрығымен бекітілген

 

 

Резервтегі әскери қызметті өткеру туралы келісімшарт

 

__________________________________________________________________________________________

                              (азаматтың әскери атағы, тегі, аты және әкесінің аты (бар болса),

__________________________________________________________________________________________

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами