Все сервисы
Zanger
«Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы № 236 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 23 шілдедегі № 329-НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы № 236 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33339 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 475) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларында:
33-тармақтың оныншы, он бірінші және он үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«Ұйымда ЭҚЖ не АЖ болған кезде құжаттардың жобаларын келісу құжаттардың жобаларын келісуші ретінде тағайындалған адамдарға жіберу және келісу нәтижелерін ЭҚЖ-да не АЖ-да ресімдеу арқылы автоматтандырылған режимде жүзеге асырылады.
Келісу рәсімі аяқталғаннан кейін (құжаттың түпнұсқасы қағаз жеткізгіште жасалған кезде) ЭҚЖ-дан не АЖ-дан келісу парағы басып шығарылады, құжаттың жобасына қоса беріледі және ұйым басшысына (өзге де уәкілетті адамға) қол қоюға ұсынылады.
Қағаз жеткізгіште жасалған ішкі құжаттардың жобаларын келісу кезінде визалар тікелей АЖ-да құжаттың жобасына қойылады.»;
36 және 37-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

Добавить в список основных источников в Google