Все сервисы
Zanger
«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен мекемелерінің іріктеу комиссияларын құру және олардың жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 13 қарашадағы № 910 бұйрығына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2026 жылғы 8 қыркүйектегі № 1035 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен мекемелерінің іріктеу комиссияларын құру және олардың жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 13 қарашадағы № 910 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19616 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен мекемелерінің іріктеу комиссияларын құру және олардың жұмыс істеу қағидаларында:
7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«7. Іріктеу комиссиясы жұмысты ұйымдастыру мақсатында мынадай іс-шараларды жүргізеді:
кандидаттардың жеке ісін тексеру;
кандидаттардың әскери-есептік мамандығына және тағайындау үшін қаралатын әскери лауазымның біліміне сәйкес келуін тексеру;
кандидаттардың дене шынықтыру дайындығын тексеру;
кәсіби және психологиялық іріктеу жөніндегі іс-шараларды жүргізу;
іріктеу комиссиясының отырысында іріктелген кандидаттарды қарау;

Добавить в список основных источников в Google