Все сервисы
Zanger
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің «Мемлекеттік органдар қызметіне салалық (ведомстволық) функционалдық шолулар жүргізу жөніндегі Әдістемені бекіту туралы» 2025 жылғы 21 қазандағы № 111 және «Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) және аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдіктерінің үлгілік регламенттерін бекіту туралы» 2026 жылғы 2 сәуірдегі № 22 бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2026 жылғы 26 маусымдағы № 87 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекеттік органдар қызметіне салалық (ведомстволық) функционалдық шолулар жүргізу жөніндегі Әдістемені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 21 қазандағы № 111 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік органдар қызметіне салалық (ведомстволық) функционалдық шолулар жүргізу жөніндегі әдістемеде:
2-тармақтың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«10) артық функция - мемлекеттік органның даму жоспарының, астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың даму жоспарының мақсаттарына қол жеткізу үшін пайдалы болып табылмайтын функция;»;
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Мақсаттармен салыстыру және функцияларды саралау кезеңі.
Мақсаттармен салыстыру:
стратегиялық құжаттарға байланыстыру: функцияның мемлекеттік бағдарламалармен, ұлттық басымдықтармен, салаларды дамыту стратегияларымен, мемлекеттік органның, астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың даму жоспарларымен байланысын талдау;
нысаналы индикаторлармен және KPI-мен байланыс: функцияны орындау нақты негізгі тиімділік көрсеткіштеріне (KPI) және мемлекеттік орган немесе сектор үшін белгіленген нысаналы индикаторларға қол жеткізуге қалай әсер ететінін анықтау;
салымды бағалау: стратегиялық міндеттерді шешуге және жаһандық мақсаттарға қол жеткізуге функцияның тікелей және жанама үлесін сандық және сапалық бағалау;

Добавить в список основных источников в Google