Все сервисы
Zanger
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметті реттеудің жай-күйі туралы жылдық есепті дайындау және бекіту қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 20 маусымдағы № 118 бұйрығы
(2026.04.08. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 143) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметті реттеудің жай-күйі туралы жылдық есепті дайындау және бекіту қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі |
А. Куантыров |
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
2023 жылғы 20 маусымдағы
№ 118 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметті реттеудің
жай-күйі туралы жылдық есепті дайындау және бекіту
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер

Добавить в список основных источников в Google