Все сервисы
Zanger
Түпқараған ауданы бойынша 2026-2031 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы
Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 2026 жылғы 13 наурыздағы № 40/189 шешімі
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабына, «Жайылымдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 8, 13-баптарына және «Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 29 шілдедегі № 263 бұйрығына сәйкес, Түпқараған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Түпқараған ауданы бойынша 2026-2031 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспары осы шешімнің қосымшаларына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау, Түпқараған ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау және орналастыру Түпқараған аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысы К. Махмутқа жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Түпқараған аудандық мәслихатының төрағасы |
А. Байбатырова |
Түпқараған аудандық мәслихатының
2026 жылғы 13 наурыздағы
№ 40/189 шешіміне
қосымша
Түпқараған ауданы бойынша 2026-2031 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі
жоспар
1. Осы Түпқараған ауданы бойынша жайылымдарды басқару және пайдаланудың 2026-2031 жылдарға арналған жоспары (бұдан әрі-Жоспар) «Жайылымдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 13-бабына сәйкес әзірленді. Бұл Жоспар жайылымдарды ұтымды пайдалануды, жем-шөпке деген қажеттілікті қамтамасыз етуді және жайылымдардың деградация процестерінен алдын алуды қамтамасыз етеді.
2. Жоспар жайылымдарды ұтымды пайдалану, азыққа деген қажеттілікті орнықты қамтамасыз ету және жайылымдардың тозу процестерін болдырмау мақсатында қабылданды.
Демо – версия документа