Все сервисы
Zanger
ҚР Су ресурстары және ирригация министрінің 2025.14.10. № 264-НҚ бұйрығымен 1-қосымша жаңа редакцияда (2025 ж. 28 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Осы 1-қосымшаға өзгерістер енгізу туралы ҚР Су ресурстары және ирригация министрінің м.а. 2026 жылғы 9 сәуірдегі № 104-НҚ бұйрығын қараңыз (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрі
міндетін атқарушысының
2020 жылғы 11 қыркүйектегі
№ 216 бұйрыққа 1-қосымша
«Арнаулы су пайдалануға рұқсат» мемлекеттік қызмет көрсету
Қағидалары
(2026.25.04. берілген өзгерістермен)
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР Су ресурстары және ирригация министрінің м.а. 2026.09.04. № 104-НҚ бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 25 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Осы «Арнаулы су пайдалануға рұқсат» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар), «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабы 1-тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) көрсетілетін қызметті алушы - Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдарын, шет елдердегі мекемелерін, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарын, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін қоспағанда, жеке және заңды тұлғалар;
2) мемлекеттік көрсетілетін қызмет - нысандарының бірі көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды немесе олардың жиынтығын іске асыру;

Добавить в список основных источников в Google