Все сервисы
Zanger
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) кадр саясатын іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 21 қазандағы № 18 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2025 жылғы 7 сәуірдегі № 67 бұйрығы
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2026 жылғы 3 тамыздағы № 78/қе бұйрығымен күші жойылды
ПРИКАЗЫВАЮ:
1. «Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) кадр саясатын іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 21 қазандағы № 18 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 14450 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-1-бабы 9) тармақшасына, 29-бабының 7 және 8-тармақтарына және 54-1-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
1-тармақтың 7), 8) және 9) тармақшалары алып тасталсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтегі кадрмен қамтамасыз ету және кадр саясаты субъектілерінің жұмыс сапасы нәтижелерін бағалау әдістемесінде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Кадрмен қамтамасыз ету және кадр саясаты субъектілерінің жұмыс сапасы нәтижелерін бағалау (бұдан әрі - бағалау) Агенттіктің кадр қызметімен жүзеге асырылады, сонымен қатар, автоматтандырылған ақпараттық деректер базасында (ақпараттық жүйе) қалыптастырылады.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

Добавить в список основных источников в Google