Все сервисы
Zanger
Киіктердің дериваттарын өткізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2026 жылғы 22 шілдедегі № 140 бұйрығы
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Киіктердің дериваттарын өткізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшалары орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне олардың орындалуы туралы ақпараттың ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі |
Е. Нысанбаев |
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция министрлігі
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және цифрлық даму
министрлігі
Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи
ресурстар министрі
2026 жылғы 22 шілдедегі
№ 140 бұйрығымен бекітілген
Киік дериваттарын өткізу
қағидалары
1. Осы Киік дериваттарын өткізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) киік дериваттарын өткізу тәртібін реттейді. Дериваттарды өткізу электрондық конкурс нысанында жүзеге асырылады.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

Добавить в список основных источников в Google