Все сервисы
Zanger
«Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын күтіп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыс түрлерінің жіктелімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2014 жылғы 24 қаңтардағы № 56 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 4 желтоқсандағы № 845 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын күтіп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыс түрлерінің жіктелімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2014 жылғы 24 қаңтардағы № 56 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9176 болып тіркелген, 2014 жылғы 26 наурызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын күтіп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыс түрлерінің жіктелімінде:
3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) автомобиль жолдары мен жол құрылыстарын пайдалануды басқару - бұл автомобиль жолдары мен жол құрылыстарының қажетті техникалық деңгейін және көліктік-пайдалану жай-күйін қамтамасыз ету бойынша ұйымдық және регламенттейтін кешені;»;
3-тармақ мынадай мазмұндағы 13), 14) және 15) тармақшалармен толықтырылсын:
«13) жол активтерін басқару - автомобиль жолдарын жөндеуге және күтіп-ұстауға бюджет шығыстарын тиімді жоспарлауға бағытталған, жол активтерінің диагностикасы және аспаптық зерттеп-қарап, сондай-ақ жол инфрақұрылымы қауіпсіздігінің мониторингі жөніндегі қызмет;

Добавить в список основных источников в Google