Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасы мен Перу Республикасы арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шарт (Астана қ., 2024 жыл 23 қазан) (қолданысқа енген жоқ)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датасреда, 23 октября 2024
Статус
Не введен в действиевводится в действие с

Қазақстан Республикасы мен Перу Республикасы арасындағы қылмыстық

істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы

 ШАРТ

(Астана қ., 2024 жыл 23 қазан)

 

ҚР 2026 жылғы 21 сәуірдегі № 280-VIII Заңымен ратификацияланды

 

Бұдан әрі «Тараптар» деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Перу Республикасы, қылмыстық істер бойынша ынтымақтастық пен өзара құқықтық көмек арқылы қылмыстылықты болғызбауда, тергеуде, қылмыстық қудалауда және оның жолын кесуде екі Тараптың тиімділігін арттыруға ниет білдіре отырып, төмендегілер туралы уағдаласты:

 

1-бап
Қолданылу аясы

 

1. Тараптар осы Шарттың ережелеріне және өзінің ұлттық заңнамасына сәйкес қылмыстық істер бойынша бір-біріне кең ауқымды құқықтық көмек көрсетеді.

2. Өзара құқықтық көмек мынадай әрекеттерді:

a) құжаттарды, шақыру қағаздары мен заттарды беруді;

b) адамдар мен заттардың тұрған жерін анықтауды немесе оларды сәйкестендіруді;

c) айғақтар мен мәлімдемелер алуды;

d) келуді немесе тыңдауды қамтамасыз ету үшін күзетпен ұсталатын адамдарды және бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеп жатқан адамдарды уақытша беруді;

е) тінтуді, алып қоюды және тәркілеуді жүзеге асыруды;

f) мәжбүрлеу шараларын, оның ішінде банктік шоттарды идентификаттауды, оларды оқшаулауды, сондай-ақ қаржылық ақпарат беруді;

g) заттар мен құжаттарға сараптама жасауды;

һ) ақпарат пен дәлелдемелер беруді;

і) сұрау салуларды орындау кезінде Сұрау салушы Тарап адамдарының қатысуына рұқсат беруді;

j) Сұрау салынатын Тараптың ұлттық заңнамасымен көзделген көмектің кез келген басқа да нысандарын қамтиды.

 

2-бап
Орталық органдар

 

1. Осы Шарттың мақсаттары үшін Тараптар айқындаған орталық органдар бір-бірімен тікелей өзара іс-қимыл жасайды.

2. Орталық органдар:

Қазақстан Республикасы үшін - Бас прокуратура;

Перу Республикасы үшін - Бас прокуратура болып табылады.

3. Орталық органдарға қатысты қандай да бір өзгерістер болған жағдайда, Тараптар бұл туралы бір-бірін дипломатиялық арналар арқылы хабардар етеді.

 

 

Документ не введен в действие

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь

Уважаемый пользователь! Мы стремимся постоянно улучшать качество наших услуг. Пожалуйста, поделитесь своими предложениями — Ваше участие поможет нам стать ещё удобнее и эффективнее для Вас!