Все сервисы
Zanger
2000 жылға арналған Бірыңғай бюджеттік сыныптамаға № 5 өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы Бұйрық Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі 2000 жылғы 29 наурыз № 145
ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2005.02.06. № 75 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 мамырдағы "Қазақстан Республикасындағы азаматтардың денсаулығын сақтау туралы", 1999 жылғы 7 маусымдағы "Білім беру туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 10 ақпандағы № 332 "Терроризм мен экстремизм көрiністерiнің алдын алу және тию жөніндегі шаралар туралы" Жарлығына Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2000 жылғы 12 ақпандағы № 227 "Жол саласын реформалау мәселелерi" туралы қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң 1999 жылғы 30 желтоқсандағы № 715 "2000 жылға арналған Бiрыңғай бюджеттік сыныптамасын бекіту туралы" бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген бұйрықпен бекiтілген Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттік сыныптамасына:
бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы:

Добавить в список основных источников в Google