header-background
RU
shanyraq

республикалық әлеуметтік науқаны

Халық Заңгері

30 мамыр 2024 ж.

Науқанның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтарға тегін заң көмегін көрсету. Мемлекеттік органдардың өкілдері азаматтарды қабылдайды, ал құқықтың жетекші сарапшылары кез келген құқықтық мәселелер бойынша кеңес береді. Өз ісіңіз бойынша құжаттарды өзіңізбен бірге алып келіңіз, сонда мамандар толық және сапалы ұсыныстар бере алады.

СІЗДІҢ АЙМАҒЫҢЫЗДАҒЫ АКЦИЯ

Өз аймағыңыздағы “Халық заңгері” акциясының мекен-жайын табыңыз

БАҒЫТТАР

ҚР үздік заңгерлері келесі бағыттар бойынша тегін кеңес береді

АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ПРОЦЕСС Мәмілелер, шарттар, шығындарды, залалдарды және моральдық зиянды өтеу, мүліктік және мүліктік емес даулар, заңды тұлғалардың қызметі, төрелік даулар және т. б.
БАНКТІК ҚҰҚЫҚ Несиелерді ресімдеу, банктер мен микроқаржы ұйымдары алдындағы несиелер бойынша берешекті реттеу, несие тарихы, қарыздарды қайта құрылымдау және т. б.
АТҚАРУШЫЛЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ Сот шешімдерін орындау / орындамау, сот орындаушыларының әрекеттеріне/әрекетсіздігіне шағымдану және т. б.
НЕКЕ-ОТБАСЫ ҚҰҚЫҒЫ Неке қию және бұзу, неке шарты, алименттер, мүлікті бөлу, бала асырап алу
МҰРАГЕРЛІК ҚҰҚЫҚ Өсиет жасау және дау айту, заң бойынша мұрагерлік, мұрагерлер арасындағы дауларды шешу және т. б.
ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰҚЫҒЫ МИБ, ҚС және ПИК қызметі, тұрғын үйді сатып алу-сату, жалға беру, қайта жоспарлау, тұрғын үй даулары және т. б
ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫ Еңбек шарты, заңсыз жұмыстан шығару, жұмысқа қайта орналастыру, жалақы мен сыйлықақы төлеу, лауазымдарды қоса атқару, декреттік демалыс, уақытша еңбекке жарамсыздық және т. б.
ЖЕР ҚҰҚЫҒЫ Жер учаскелерін меншікке беру, жерге құқықтарды ресімдеу, жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту, жерді өз бетінше басып алу, жерді алып қою, жер учаскесіндегі жылжымайтын мүлікті заңдастыру, пайдаланылмайтын жерлерді анықтау және т. б.
ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМСЫЗДАНДЫРУ ҚҰҚЫҒЫ Көп балалы отбасыларға көмек, зейнетақыны ресімдеу, мүгедектікті белгілеу, мемлекеттен әлеуметтік көмек алу, мүгедектігі, асыраушысынан айрылу, еңбекке қабілеттілігінен айрылу, бала күтімі бойынша жәрдемақылар және т. б.
САЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫ Салықтарды есептеу және алу, салық берешегі, салық органдарымен даулар және т. б.
НОТАРИАТТЫҚ ҚЫЗМЕТ Мәмілелерді куәландыру, мұраға құқық туралы куәліктер беру, өсиеттерді ресімдеу, атқарушылық жазбаларды жасау, дәлелдемелерді қамтамасыз ету және т. б.
ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫ Өнертабыстар мен туындыларға авторлық құқықтар, патентті ресімдеу, тауар белгілерін, фирмалық атауларды тіркеу және басқа дараландыру құралдары (логотиптер, слогандар), өндіріс құпиялары (ноу-хау), қатар импорт және т. б.
КОРПОРАТИВТІК ҚҰҚЫҚ Ірі кәсіпкерлікті жүргізу, инвестициялар тарту, қатысушылар, заңды тұлғалардың акционерлері арасындағы өзара қарым-қатынастар және т. б.
ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ Азаматтар мен ұйымдарды мемлекеттік әкімшіліктің заңсыз әрекеттерінен қорғау, мемлекеттік органдардың әрекеттеріне дау айту, әкімшілік құқық бұзушылықтар, айыппұлдар және т. б.
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ПРОЦЕСС Қылмыстық істер бойынша қорғау (алдын ала тергеу, сотқа қатысу, үкімге шағымдану), сотталғандар бойынша мәселелер (жазаны ауыстыру бойынша мүдделерін білдіру, шартты түрде мерзімінен бұрын босату) және т. б.

ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ

organizer
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
organizer
Мемлекеттік билiк органдары
organizer
ҚР Әділет министрлігі
organizer
Еліміздің үздік заңгерлері мен адвокаттары
organizer
Республикалық адвокаттар алқасы
organizer
"Параграф"ақпараттық жүйелері
organizer
"Zakon.kz" ақпараттық порталы
organizer
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
organizer
Мемлекеттік билiк органдары
organizer
ҚР Әділет министрлігі
organizer
Еліміздің үздік заңгерлері мен адвокаттары
organizer
Республикалық адвокаттар алқасы
organizer
"Параграф"ақпараттық жүйелері
organizer
"Zakon.kz" ақпараттық порталы