Журналды (ведомосты) нысандарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс Министрінің 2002 ж. 5 наурыздағы № 330 бұйрығы

Журналды (ведомосты) нысандарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік кіріс Министрінің 2002 ж. 5 наурыздағы № 330 бұйрығы

Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Қазақстан Республикасыны 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса берілген нысандар бекітілсін:

1) 1-қосымшаға сәйкес жеке кәсіпкерлерге берілген куәлікті тіркеу (беру) журналы;

2) 2-қосымшаға сәйкес жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті беруді (алуды) тіркеу ведомосі;

3) 3-қосымшаға сәйкес жеке кәсіпкерлерге берілген патенттерді тіркеу журналы;

4) 4-қосымшаға сәйкес жеке кәсіпкерлерге берілген патенттерді тіркеу ведомосі;

5) 5-қосымшаға сәйкес патент құнына қайта есептеу жүргізілгеннен кейін жеке кәсіпкерлерге берілген патенттерді тіркеу журналы;

6) 6-қосымшаға сәйкес ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші заңды тұлғаларға берілген патенттерді тіркеу журналы;

7) 7-қосымшаға сәйкес ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші заңды тұлғаларға берілген патенттерді беруді (алуды) тіркеу ведомосі;

8) 8-қосымшаға сәйкес ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші заңды тұлғаларға арналған патенттерді құнын қайта есептеу жөніндегі журнал;

9) 9-қосымшаға сәйкес фискальдық жады бар бақылау-касса машиналарын тіркеу журналы;

10) 10-қосымшаға сәйкес фискальдық жады бар бақылау-касса машиналарыны парольдерін тіркеу журналы;

11) 11-қосымшаға сәйкес фискальдық жады бар бақылау-касса машиналарын салық органдарында есептен шығаруды тіркеу журналы;

12) 12-қосымшаға сәйкес чек кітапшаларын тіркеу журналы;

13) 13-қосымшаға сәйкес жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асырған кезде салық салу объектілері және салық салумен байланысты объектілерді есебін тіркеу (қайта тіркеу) журналы.

2. Тіркеу журналдарын (ведомостарын) толтыруды бірынғай ережелері (14-қосымша) бекітілсін.

3. Өндірістік емес төлемдер департаментіне осы бұйрықты облыстар және Алматы, Астана қалалары бойынша салық комитеттеріне жеткізсін.

4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Мемлекеттік кіріс министрі

З. Кәкімжанов

Қазақстан Республикасы

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.