Корпорациялық табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының есебін жасау ережелері (101.01-101.04 нысандар) (Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 625 бұйрығымен бекітілді) (күші жойылды)

ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2005.12.12. № 554 Бұйрығымен күші жойылды

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігінің

Салық комитеті Төрағасының

2004 жылғы «8» желтоқсандағы

№ 625 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Корпорациялық табыс салығы бойынша
аванстық төлемдер сомасының
есебін жасау ережелері
(101.01 - 101.04 нысандар)
 
1. Жалпы ережелер

 

1. Осы ережелер “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және 100.00, 110.00 және 120.00 нысандарын беретін заңды тұлғалармен корпорациялық табыс салығы бойынша аванстық төлемдердің сомаларын есептеуге арналған корпорациялық табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының есебін (бұдан әрі - Есеп) жасау тәртібін айқындайды.

2. Есепті жасау кезінде:

1) қағаз тасығышта - қара немесе көк сиялы қалам немесе қаламұшпен, баспа әріптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады;

2) электрондық тасығышта - Салық кодексінің 69-бабына сәйкес толтырылады.

3. Есепті толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.

4. Көрсеткіштер жоқ болған кезде тиісті торкөздер толтырылмайды.

5. Есепті беру кезінде:

1) қағаз тасығышта келу тәртібімен екі данада жасалады, бір данасы салық органының белгісімен салық төлеушіге қайтарылады;

2) тапсырысты хатпен почта бойынша - салық төлеуші почта немесе байланыстың өзге ұйымының хабарламасын алады;

3) Салық кодексінің 69-бабындағы 8-баптың 3) тармақшасына сәйкес келу тәртібімен немесе электрондық почта бойынша электрондық түрде салық төлеуші Есепті жеткізу туралы хабарламаны салық органында немесе электрондық почта бойынша алады.

6. Есепке Салық кодексінің 69-бабына сәйкес қол қойылады және куәландырылады.

 

2. Есепті жасау (101.01 -  нысан)

 

7. Осы есеп Салық кодексінің 126-бабына сәйкес Декларацияны тапсыруға дейін төлеуге жататын корпорациялық табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасын есептеуге арналған.

8. “Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат” бөлімінде салық төлеуші мынадай деректерді көрсетеді:

1) салық төлеушінің тіркеу нөмірі;

2) Есеп берілетін салық кезеңі.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.