Резидент еместерге төленген, шартты банк салымында орналастырылған резидент еместердің табыс салығы Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетіне есептелгені туралы есепті жасау ережелері (101.09 Нысан) (Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 625 бұйрығымен бекітілген) (күші жойылды)

ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2005.12.12. № 554 Бұйрығымен күші жойылды

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігінің

Салық комитеті Төрағасының

2004 жылғы «8» желтоқсандағы

№ 625 бұйрығымен

бекітілген

 

Резидент еместерге төленген, шартты банк салымында орналастырылған резидент еместердің табыс салығы Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетіне есептелгені туралы есепті жасау ережелері
(101.09 Нысан)
 
1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және Салық кодексінің 198-бабына сәйкес резидент-банктер 101.09-нысан бойынша Резидент еместерге төленген, шартты банк салымында орналастырылған резидент еместердің табыс салығы Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетіне есептелгені туралы есепті (бұдан әрі - Есеп) жасау тәртібін айқындайды.

2. Есепті жасау кезінде:

1) қағаз тасығышта - қалам немесе қаламұшпен, қара немесе көк сиямен, баспа әріптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады;

2) электрондық тасығышта - Салық кодексінің 69-бабына сәйкес толтырылады.

3. Есепті толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.

4. Көрсеткіштер болмаған кезде тиісті торкөздер толтырылмайды.

5. Қосымша нысанның «Жалпы ақпарат» бөлімінде Есептің «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінде көрсетілген тиісті көрсеткіштер көрсетіледі.

6. Тиісті қосымша нысанның деректері болған кезде аталған қосымша нысан Есеп жолының деректерінің бар немесе жоқ екеніне қарамастан міндетті тәртіпте толтыруға жатады.

7. Есепті беру кезінде:

1) қағаз тасығышта келу тәртібінде екі данада жасалады, бір данасы салық органының белгісімен салық органына қайтарылады;

2) почта бойынша салық төлеуші хабарламалы тапсырысты хатпен байланыстың почта немесе өзге ұйымының хабарламасын алады;

3) келу тәртібімен электрондық түрде не электрондық почта бойынша салық төлеуші Кодекстің 69-бабы, 8-тармағының 3) тармақшасына сәйкес 101.09-нысан бойынша есепті жеткізу туралы хабарламаны салық органында немесе электронды почта бойынша алады.

8. Есепке Салық кодексінің 69-бабына сәйкес қол қойылады және куәландырылады.

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.