ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2005.12.12. № 554 Бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
Салық комитеті Төрағасының
2004 жылғы «8» желтоқсандағы
№ 625 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасымен жасалған қосарланған салықты болдырмау және табыс салығын төлеуден жалтарудың алдын-алу жөніндегi халықаралық шарттың ережелерiн қолдануға құқығы бар резидент емес болып табылатын заңды немесе жеке тұлғаның Қазақстан Республикасындағы көздерден алатын табысынан салықты қайтаруға өтініш жасау ережелері
(102.01 Нысан)
1. Жалпы ережелер
1. Осы ережелер “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық Кодексі) сәйкес әзірленген және Салық кодексінің 198, 198-1, 203-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасындағы көздерден алатын табыс салығын халықаралық шарттың ережелерiн қолдануға құқығы бар резидент еместің қайтаруды жүзеге асыруға арналған 102.01-нысан бойынша Қазақстан Республикасымен жасалған қосарланған салықты болдырмау және табыс салығын төлеуден жалтарудың алдын-алу жөніндегi халықаралық шарттың ережелерiн қолдануға құқығы бар резидент емес болып табылатын заңды немесе жеке тұлғаның Қазақстан Республикасындағы көздерден алатын табысынан салықты қайтаруға өтініш жасау ережелері болып табылатын заңды немесе жеке тұлғаның Қазақстан Республикасындағы көздерден алатын табысынан салықты қайтаруға өтінішті (бұдан әрі -Өтініш) жасау тәртібін айқындайды.
1) қағаз тасығышта - қара немесе көк сиялы қалам немесе қаламұшпен, бас баспа әріптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады;
2) электрондық тасығышта - Салық кодексінің 69-бабына сәйкес толтырылады.
3. Өтінішті толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.
4. Көрсеткіштер жоқ болған кезде тиісті торкөздер толтырылмайды.