Шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың кірістерінен жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомаларының есебін жасау ережелері (201.05-Нысан) (Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 625 бұйрығымен бекітілген) (күші жойылды)

ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2005.12.12. № 554 Бұйрығымен күші жойылды

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігінің

Салық комитеті Төрағасының

2004 жылғы 8 желтоқсандағы

№ 625 бұйрығымен бекітілген

 

Шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың
кірістерінен жеке табыс салығы бойынша аванстық
төлемдер сомаларының есебін жасау ережелері
(201.05-Нысан)

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Ережелер “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық Кодексі) сәйкес әзірленген және Салық кодексінің 153-1 немесе 187-1-бабына сәйкес жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомаларын есептеуге арналған 201.05-нысан бойынша Шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың кірістерінен жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомаларының есебін (бұдан әрі - Есеп) жасау тәртібін айқындайды.

2. Есепті жасау кезінде:

1) қағаз тасығышта - қара немесе көк сиялы қалам немесе қаламұшпен, баспа әріптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады;

2) электрондық тасығышта - Салық кодексінің 69-бабына сәйкес толтырылады.

3. Есепті толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.

4. Көрсеткіштер жоқ болған кезде тиісті торкөздер толтырылмайды.

5. Тиісті қосымша нысанда деректерді ашып көрсетуді талап ететін жолдарды толтырға кезде аталған қосымша нысан міндетті тәртіпте толтыруға жатады.

6. Қосымша нысандардың “Жалпы ақпарат” бөлімінде Есептің “Салық агенті туралы жалпы ақпарат” бөлімінде көрсетілген тиісті көрсеткіштер көрсетіледі.

7. Есепті беру кезінде:

1) қағаз тасығышта келу тәртібімен екі данада жасалады, бір данасы салық органының белгісімен салық төлеушіге қайтарылады;

2) тапсырысты хатпен почта бойынша - салық төлеуші почта немесе байланыстың өзге ұйымының хабарламасын алады;

3) Салық кодексінің 69-бабындағы 8-тармақтың 3) тармақшасына сәйкес келу тәртібімен немесе электрондық почта бойынша электрондық түрде салық төлеуші Есепті (қабылдау) жеткізу туралы хабарламаны салық органында немесе электрондық почта бойынша алады.

8. Есепке Салық кодексінің 69-бабына сәйкес қол қойылады және куәландырылады.

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.