ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2005.12.12. № 554 Бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
Салық комитеті Төрағасының
2004 жылғы 8 желтоқсандағы
№ 625 бұйрығымен бекітілген
Нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар
бойынша қосылған құн салығын
бюджеттен қайтару туралы өтінішті жасау
ережелері
(302.00 нысан)
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ережелер “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және қосылған құн салығын дұрыс есептеу мен уақтылы қайтаруға арналған Нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар негізіндегі қосылған құн салығын бюджеттен қайтару туралы өтінішті (302.00 нысан) (бұдан әрі - Өтініш) жасау тәртібін айқындайды.
2. Өтініш қағаз тасығышта жасалады және қалам немесе қаламұшпен, қара немесе көк сиямен, баспа әріптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады.
3. Өтінішті толтыру кезінде түзетуге, өшіруге, тазалауға жол берілмейді.
4. Көрсеткіштер болмаған кезде Өтініштің тиісті торкөздері толтырылмайды.
5. Өтінішке Салық кодексінің 69-бабына сәйкес қол қойылады және куәландырылады.
6. Өтінішті қағаз тасығышта келу тәртібінде екі данада жасалады, бір данасы салық органының белгісімен салық органына қайтарылады.